Колдану глаг,скл:1 н.ф. колдовать что сделаю?
Алақай қыс мезгілі басталды! Қыс - өте әдемі және тамаша жыл мезгілі. Қар жауып, жердің бетіне ақ кілем төсейтіндей .Қыста барлығымыз далада бір-бірімізге қар лақтырып, көңіл көтеріп ойнаймыз. Достарымызбен бірге қосылып, аққала жасаймыз.Қыстың айларына – желтоқсан, қантар, ақпан жатады.Қыста өте суық және аязды болады. Үйлердің терезелеріне аяз түрлі ою өрнек салады.Қыс өте ғажайып мезгіл. Мен қысты өте жақсы көремін және асыға күтемін.
"Ғылым мен техника мүмкіндіктері шексіз".
Ғылым дамыған заман. Соған сәйкес техникада дамуда. Алысқа бармай-ақ үйге қажетті техникаларды алайық, біздің ата-аналарымыз мұздатқышы, тоңазытқышы бар болса соған да разы еді. Қазір бір ғана ас үйде қаншама техника бар: микроволновка, миксер, блендер, вафель пісіретін құрал т.б. Ғарышты меңгеріп, айға қонып жатқан техникалар бәрі ғылым мен техниканың мүмкіндіктерінің шексіздігінің дәлелі.
Аңыз - оқиғаны шындық өмірден алған ауыз әдебиетінің бір саласы. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі адамдарға, елді-мекендерге және белгілі бір объектілерге байланысты шығарылады. Аңыз әңгімелер жүз процент шын әңгіме бола бермейді. Әңгімеге қызығырақ болу үшін әсіреленген сөздер қосылады. Аңыздар тек қазақ ауыз әдебиетінде ғана емес, әлем әдебиетінде де, басқа халықтар, басқа ұлттар әдебиетінде де кездеседі. Қай халықтың болмасын аңызында да белгілі бір ой, мағына, тәрбие береді. Аңызды оқу, ол тарихты оқумен тең. Аңыз әдебиеттің де, тарихтың да бір бөлігі секілді. Себебі, аңыздың астарында белгілі бір тарихи шындық пен мағұлмат жатады. Менің ойымша ертегіге қарағанда аңызды оқыған пайдалырақ көрінеді. Аңыз жай әңгімеге қарағанда есте жақсы сақталады. Яғни, біз тарихты аңыз күйінде оқысақ есімізде жақсы сақталады. Аңыз - біздің тарихымызды, тарихи тұлғаларымызды еске салатын керемет шығарма. АҢЫЗ ТҮБІ — АҚИҚАТ !