Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары, Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар - қатпар белесінен байқасақ, ежелден - ақ ру - тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмай, шыбын жанын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгерлік істері бізге аманат болып жеткен.
Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: “Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден - ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді. Күлтегін жазбасында тағы да мынадай жыр жолдарын кездестіруге болады:
Кедей халықты бай қылдым,
Аз халықты көп қылдым…
Түркі иелігінен
айырылған халықты
Ата - баба мекеніне орнатты… - делінген еді.
Бұл жазбадан патриотизмнің – ата - баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл бірлігін қорғау, жиғанын халықтан аямау екендігін аңғаруға болады. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.
Атамекен құт мекен
Әр адамға туған жері,Отаны, туып өскен өлкесі қымбат.Сәби дүниеге шыр етіп келгенінен бастап оған бұл жер өте ыстық,тіпті оны өз анасындай көруі тиіс.
Егер де сен бір жырақта, Отаныңнан басқа жрге бір жұмыспен немесе оқуға кетсең,Атамекеніңді ұмытпай жүргенің түбінде сақтайсың.Тіпті бір күн болмай жатып сағынасың.Бұл барлық адамда болтын сезім.Атамекенің-алтын ұяң.Тіпті алтыннанда қымбат.
Туған жерге аралған ақын-жазушылардың көптеген өлең-жырлары қаншама десеңші.Туған өлкені ештеңемен айыр бастауға болмайды.Атамекен әнін Ескендір Қасанғалиев атамыз көңілдің күйін, жүректің сырын шертіп,үлкен толғаумен патриоттық сезіммен айтады.Атамекенін әнге қосып айтқан адам туған жерін өте қадір тұтады.
«Туған өлкең-шешірең»демекші адам өз туған жерінің өмір тарихын білуге тиіс.Туған жерің-тұғырың, өскен елім өзегің болып табылады.
Сырттан көрген адам қанша жамандап «мынау мынандай»,»анау анандай» деп айтса да бәрі бір адмға өз Атамекені көк майсалы таза ауалы, ну орманды көрікті болып тұрады.сенің биікке көтеретін осы сенің бақытты болып жүргенің Атамекеніңнің арқасы.Сондықтан мекенім елім менің тірегім, сарқылмайтын қуатың, мәңгі соққан жүрегің болып қала бермек.
Туған жер
Алтын бсік, дархан
Не деген көркем едің!
Көркіңе көз тұндырып,
Өзіңе баурай бердің. Мен Атамекенімді өте жақсы көремін.Оны мақтан етемін.
Шын мәнінде, маған метрополитен ұнайды. Бұл әлемдегі ең әдемі ғимараттардың бірі. Барлық станциялар жақсы жабдықталған, бір-бірінен ерекшеленеді және тартымды. Олардың кейбірі жерде орналасқан. Негізінен бұл жаңа станциялар. Поездар мен вагондар, сондай-ақ назар аудару керек. Кейбіреулерде танымал суретшілердің туындыларынан жазбалар бар . Басқалары көркем галереядағы көрмені еске салады, өйткені олар белгілі суреттердің репродукцияларын қамтиды. Барлығы жұмысқа жету үшін метро пайдаланғысы келеді. Олар автобуста немесе таксиде жүретіндерін елеместен, бірақ қандай заттар қалқандар болып табылатындығымен. Ақырында, барлық тұрғындар метро - қала бойынша қозғалудың ең жылдам тәсілі екенін біледі.