Мектеп интернаттың мақсаты, оқушылардың, өздерін өз үйлеріндегідей сезініп, бар ойларын тек білім алуға жұмсауына жағдай жасау. Өзге мектептерден айырмашылығы - қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту. Дарынды балалардың тіл байлығын дамыту мақсатында сыныптар арасында түрлі тақырыпта жарыстар ұйымдастырылады. Сөз өнеріне көп көңіл бөлінеді. Оқушылардың өз шығармашылықтарын дамытуға барлық мүмкіндіктер бар.
Мен келген адам асығыс болмаса үйге кіріп ата-анамды күтуін өтінемін. Қолымнан келгенінше дастархан дайындап құрмет көрсетемін. Асығыс болса ата-анамның келетін уақытын айтып, қандай бұйымтаймен келгенін сұраймын, мен орындай алатын іс болса көмектесемін.
Заман талабынан қалыспай, интернет желісінің қолданушысы ретінде өзімді тұрақты «онлайнсыз» елестете алмайды екенмін. Поштамды тексеру, әлеуметтік желілерде пост, жаңалық оқып, сурет, кино қарау деген сияқты іс-әрекеттермен күндерім өтіп жатады. Интернеттің берері мол, бірақ оған деген тәуелділік тез қалыптасады.
Он шақты күн белгілі бір себептермен интернет пен теледидардың алдында отыра алмағанымнан, ақпараттық ресурстарға, желіге деген құштарлығым арта түсіп, сағына бастадым. Қолайлы уақыттарда бірнеше минуттарға болса да, таңертең ерте тұрып кіріп отырдым. Бірақ мұның өзі де жетпеді. Әбден күн тәртібіме сіңісіп кеткен болар.
Бірінші күндері уйімді тап-тұйнақтай етіп жинап, істелмеген майда-шүйде жұмыстарымды аяқтадым, қалған күнім ас үйде өтті. Дегенмен тағыда бос уақытым қалып, ішім пысты. Есіме арзанға көшіп бара жатқан бір кісілерден сатып алынған кітаптарым түсіп, ендігі бос уақытымды оқып бастай алмай жүрген кітаптармен алмастырдым. Бір романды оқып бітіріп, екіншісін бастадым. Демек осы он күнім өнімді өткен секілді.
Алибек пен әкеси көше аралап келген сон, үйдин ауласындагы алма ағашын қазып басқа жерге апарып отырғызды