Мәтін кайда,матин жибер мен истеп берем
Əр адамның бір мақсаты болады.Сол мақсатқа жету үшін күш керек.Мысалы,бір мамандық иесі болу дегендей.Өз басым мұғалім болғым келеді.Сол мақсатым орындалат деген ойдамын.
Қазақша шығарма: Болашақта кім болам? Похудевшая на 26 кг из [city] своим рецептом поставила на уши [city] ! Не голодая и не сидя на диетах, просто она... Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, А. С. Макаренко атындағы № 6 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 «Г» сынып оқушысы Өтепкалиев Нұржан Ерболұлы 11жаста Қатысатын бәйгесі: шығарма конкурсы (шығарма жазудан) Тақырыбы: «Болашақта кім болам?» Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Ракишева Миргуль Ерболатовна Мен Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы А. С. Макаренко атындағы №6 жалпы орта білім мектебінің 5 «Г» сыныбында оқимын. Өзім орыс мектебінде білім алғаныммен қазақ тілінде еркін сөйлеймін, өйткені, қазақ тілі – менің қаныммен бірге біткен өз ана тілім әрі біз үйде отбасымызбен тек қазақ тілінде сөйлесеміз. Мен сол үшін мақтанамын, өйткені әр адам өз ана тілін жете білу керек деп ойлаймын. Бір күні қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімім осы тақырыпта шығарма жазуды тапсырғанда, мен қуана келістім. Иә, әр адамның арманы болады ғой, менің де балалық армандарым өте көп. Армансыз адам болмайды. Арман адамға қанат бітіреді. Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деген сұрақтың толғандыратыны рас. Мамандық таңдау мектеп қабырғасынан басталады. Мамандық таңдау - өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ"Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек. Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан,- деп, Абай атамыз айтқандай, өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі. Бірі мұғалім болса, екіншісі – дәрігер, кейбірі биші, әнші мамандықтарын таңдап жатады. Менің ойымша, мамандықтың жаманы болмайды, тек адам баласы өзіне ұнайтын, өзі жан - тәнімен қалайтын мамандықты таңдау керек сияқты. Мамандық таңдауда қателесуге болмайды, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына байланысты болмақ. Адам өзі таңдап алған мамандығын жақсы көріп, шын пейілмен атқарса ғана, сол еңбегінің жемісін көреді. Кейбір кішкентай балалар мен өскенде футболшы болам, жүргізуші болам деп армандап айтып жатады ғой. Ал мен кішкентай кезімнен болашақта тек дәрігер боламын деп армандап келемін. Өйткені, дәрігер болу – менің арманым. Болашақта дәрігер болып, адамдарға көмектескім келеді. Адамдардың денсаулықтарын тексеріп, емдеп, олардың жүздеріндегі қуанышты көргім келеді. Білімді, мейірімді дәрігер болып, олардың өмірге деген құлшыныстарын арттырғым келеді. Әрине, дәрігер болу – жауапты мамандық. Бұл мамандықты таңдай отырып, сен адам өмірі үшін үлкен бір жауапкершілікті мойныңа аласың. Дәрігер болуды үлкен мәртебе деп білемін. Менің қолымнан дәрігер болу келеді, мен бұл арманыма қол жеткізуге тырысатын боламын. Ол үшін мен ең алдымен сабағымды жақсы оқып, медициналық университетке түсуім қажет. Меніңше, дәрігер болу менің қолымнан келеді. Ең бастысы, адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзін қоршаған ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, мамандығын сүйіп таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуаныш таба білсе ғана, шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат. Мен өзімнің қалаған маман иесі боламын!
[3 буын: қа - ашық, зақ - бітеу, стан - бітеу]
Қ - дауыссыз, қатаңа - дауысты, ашық, езулік, жуанз - дауыссыз, ұяңа - дауысты, ашық, езулік, жуанқ - дауыссыз, қатаңс - дауыссыз, қатаңт - дауыссыз, қатаңа - дауысты, ашық, езулік, жуанн - дауыссыз, үнді
Әріп саны: 9Дыбыс саны: 9
[3 буын: тәу - бітеу, ел - тұйық, сіз - бітеу]
Т - дауыссыз, қатаңә - дауысты, ашық, езулік, жіңішкеу - дауыссыз, үндіе - дауысты, ашық, езулік, жiңiшкел - дауыссыз, үндіс - дауыссыз, қатаңі - дауысты, кысаң, езулік, жіңішкез - дауыссыз, ұяң
Әріп саны: 8Дыбыс саны: 8
Жастықтың оты жалындап
Жас жүректе жанған шақ.
Талаптың аты арындап
Әр қиянға салған шақ.
Жастықтың оты қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай?
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай?
Жастықтың аты арындап
Тас қияға өрледің.