жазгы еңбек
жазда адамдар егіншілікпен айналысады
себебі қыста адамга тамақ керек
сондықтан адамдар егін егеді, бидай ,күріш, тары және тагы баска
Біздің әулеттің дәстүрлері.
Дәстүр әр әулетте жеке жеке болады ма? Салт-дәстүр дегеніміз халықтың, бір ұлттың, елдің - ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа қалдыратын бір мұрасы,- деп есептеймін. Ол дәстүрлердің бәрі қазір араласып кетті. Сол дәстүрлердің ішінде біздің әулетте қатты ұстанатыны, үлкенді сыйлау, бір ірі істерді атқарарда әулеттегі барлық ағайындардың жиналып ақылдасуы. Қажет жағдайларда бір-біріне көмектесуі, әулет ақсаланың сөзіне құлақ асу. Міне, біздің әулет дәстүрі, осындай.
Ответ:
Алтынбек: «Тараздың бойтұмары» деген мәтінді оқыдың ба?
Қанатбек: Әрине, мұғалім үй тапсырмасына сол мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келуді тапсырған болатын.
Алтынбек: Сонда, Қарахан неліктен Айша Бибіге уәделі уақытта бара алмай қалады?
Қанатбек: Себебі, жаугершілік заман болып, Қарахан елін, жерін қорғап шайқаста жүреді.
Алтынбек: Таразға барар жолда қандай жағдай орын алады?
Қанатбек: Жолдан шаршаған Айша Бибі төсенішке жатып, маужырап ұйқыға кетеді. Сол кезде оны даланың улы жыланы шағып алады.
Алтынбек: Қарахан денесін у жайлаған аруға жетіп үлгереді ме?
Қанатбек: Иә, Қарахан молда мен емшіні алып жеткенде Айша есінен танып жатыр екен.
Алтынбек: Сүйген жарынан айырылған Қарахан не істейді?
Қанатбек: Ол сүйген жарының денесін жерлеп, басына әсем күмбез орнатады.
Алтынбек: Мәтіндегі ақпаратты өте жақсы меңгеріпсің, жарайсың!
Қанатбек: Рахмет, бүгін сабақта қол көтеріп бірінші жауап бергім келеді.
Сабылып келді міне, сәуір айы,
Сәуір айы - қазақтың тәуір айы.
Жылайды да тұрады жылаңқы бұлт,
Бара жатыр не болып ауа райы?!
Ақ нөсер, өткіншісі - бәрі дайын,
Сабылтыға келген мына сәуір айын,
Құтты көріп, диқандар құптағанмен,
Малшылар салып отыр сарыуайым
Жылап тұр, жылаңқы бұлт сабылып тұр,
Сағынып тұр күн нұрын, жабығып қыр.
Бірде жауын, біресе қарға айналып,
Сәуір айы малшыға қағынып тұр.
Шопан жүр малыменен, көптен бөлек,
Төпеп тұр,келер емес көктен көмек.
Сәуір айын сықпыртып, сыбайды кеп,
- Құрғырдың түбі түсіп кеткен бе?! -деп
Ойында - әрі ашу, әрі уайым,
Әйтеуір оңдырған жоқ сәуір айын.
Сәуір айы - малшыға сарыуайым,
Малмен бірге бағады ауа райын...
© Мұқағали Мақатаев