Сәлем,Гүлмира!Жағдайың қалай?
-Сәлем,Гена! Рахмет, жақсы, өзіңде не жаңалық?
- Мен сенбі күні сені киноға шақырсам ба деп едім.Қалай қарайсың?
-Рахмет,Гена. Өте жақсы идея! Бірақ менде сенбі күні спорт секциясы бар ғой.
-Ендеше, жексенбі күні барайық.
- Жақсы,келістік.
-Гена,айтпақшы, дүйсенбі, сейсенбі күндері қазақ тілінен қосымша сабақтар бар,ұмытқан жоқсың ба?
- Жоқ,Гүлмира,неге ұмытайын? Мен қазақ тілін үйреніп жүрмін ғой.Сонда да есіме салғаныңа рахмет.
- Естуімше, Гена,сен домбыра үйірмесіне қатысады екенсің.
-Ия, Гүлмира,домбыраға сәрсенбі, бейсенбі күндері барамын.
-Сонда сен жұма күні ғана бос болады екенсің ғой.
-Жоқ, Гүлмира, менде аптаның бар күнінде жұмыс бар. Жұма күні баскетбол секциясында ойнаймын.Меніңше, әр адам уақытын тиімді пайдалану керек. "Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын" деп ұлы Абай атамыз айтқан емес пе?
-Дұрыс айтасың,достым, жексенбіде кездескенше!
-Ия,кездескенше!