1) алға жайып тұз дәмін
келтіреді үй сәнін
ол халқымның ақ жаны
жақсы дәстүр маржаны
кеңпейіл де арайлы
осы жерден тарайды (дастархан)
2) ұрмай соқпай жылатады
әркім бірақ ұнатады (пияз)
3) өзі ащы, бірақ дәмді етер асты (тұз)
4) түсі аппақ, өзі қатты-ақ
екі түрлі өзі жесең тәтті-ақ (жұмыртқа)
5)аппақ ас сызы бар
балалар қызығар (балмұздақ)
Толымды сөйлем ; Рауран үнсіз отыр
Толымсыз сөйлем ; Абай атамызды халық құрметтеп еске алды
Менің анам дәрігер. Мен онымен мақтанамын.Ол қаншама адамды аяғынан тік тұрғызып жүр.
Мен ауырып қалсам анам өзі емдейді. Сенін анаң кім десе мен ұялмай дәрігер деп жауап берем
Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес.
Адамның, сондай-ақ көптеген жан-жануарлар денесінің 2/3-і, ал кейбір өсімдіктердің 4/5-і судан тұрады.
Жер бетінің тек 1/3-ін құрлық, ал 2/3-ін су алып жатыр. Мұхиттар мен теңіздерді, өзен-көлдерді былай қойғанда, жер астында да, топырақта да су бар. Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде болады.
Біреулер қап-қатты мұз да, газдай жеп-жеңіл бу да су болғаны ма деп таң қалады . Бұл — судың негізгі қасиеті. Ол сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі күйде кезігеді.
Судың көптеген заттарды оңай ерітетін және бір маңызды қасиеті бар. Әрине, біз қанттың — шайда, ас тұзының сорпада қалай еритінін көріп жүрміз. Сонымен қатар су жердегі алуан түрлі тұздар мен басқа да көптеген қатты денелерді, газдарды еріте алады.
Табиғатта қоспасы жоқ, тап-таза су дегенді таппаймыз. Таза суды тек лабораториялардан ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі организмге қажетті тұздар да болмайды. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшерде еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан.
Жер шарындағы судың жалпы мөлшері өзгермейді. Теңіздер мен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайтадан суға айналады.
Алайда ішуге жарамды таза су Жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Ал біз су құнды байлығымыз екенін ұмытпауымыз керек.
1. Қыздар моншақ, жүзік, сырға, білезік, сақина, тұмар, бойтұмар, бесбілезік, өңіржиек тағы басқалар.
2. Шашқа арналған-шашбау, шолпы, шашқап, тасмоншақ, шашқа тағатын түйреуіштер.