Қалау рай Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді де, белгілі жолдармен жасалады. Мысалы: Менің оқығым келеді. Ол үйіне жетсе игі еді. Не де болса шынын айтқайсың. Берілген мысалдардағы оқығым келеді, жетсе игі еді, айтқайсың деген етістіктер іс иесінің (мен) оқу іс-әрекетін, (ол) үйіне жету кимылын, (сен) айту іс-әрекетін қалау мәнін, соған ынтасын білдіріп тұр.
Қалау рай мынадай жолдармен жасалады. 1. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне немесе етіс және болымсыз етістік тұлғасына -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағы жалғанып, оған тәуелдік жалғауы үстеледі де, кел көмекші етістігімен тіркеледі. Кел көмекші етістігіне есімше, көсемше жұрнақтары жалғанып, әр түрлі шақ мәнінде III жақта қолданыла береді. Мысалы: (менің) бар-ғы-м кел-ді, (-еді, -іпті, -ген, -ер), (сенің) бар-ғы-ң кел-еді, (-ді, -пті, -ген, -ер), (сіздің) бар-ғы-ңыз кел-ер, (-ді, -іпті, -ген, -ер), (оның) бар-ғы-сы кел-іпті (-ді, -ген, -еді, -ер) (біздің) кет-кі-міз кел-ген (-ді, -еді, -ер, -іпті), (сендердің) кет-кі-лерің кел-ді. Демек, калау райдың бұл түрі тәуелдік жалғауы жалғанып жіктеледі. 2. Шартты рай тұлғасына (-са, -се) игі еді сөздерінің жіктеліп келген түрімен тіркеседі. Мысалы: (мен) алсам игі еді, (сен) алсаң игі еді, (сіз) алсаңыз игі еді, (ол) алса игі еді. 3. Етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнағы жалғанып, жіктеліп келіп жасалады. Мысалы: (мен) бар-ғай-мын, (сен) бар-ғай-сың, (сіз) бар-ғай-сыз, (ол) бар-ғай. Кейде -ғай, -гей, -қай, -кей тұлғалы етістік жіктеліп келген еді көмекші етістігімен тіркесіп келіп те қалау рай жасалады. Мысалы: (мен) бар-ғай едім, (сен) барғай едің, (сіз) барғай едіңіз, (ол) барғай еді.
Қалау рай образуется путем присоединения к основе глагола суффиксов -ғы, -гі после конечных гласных и звонких; -қы, -кі после конечных согласных звуков и сочетается с глаголом кел.
Первый компонент обозначает название действия и спрягается по лицам, а второй компонент кел в роли служебного глагола изменяется по всем формам глагола и по значению соответствует русским глаголам хотеть, желать. Например: оқығым келеді - хочу читать, оқығың келеді - хочешь читать, оқығыңыз келеді - хотите читать, оқығысы келеді - хочет читать.
Арғымақ аттың баласы Аз оттап, көп жусайды. Асыл ердің баласы Аз сөйлеп, көп тыңдайды. 2.Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай өара, Он бесқа дейін қосшыңдай сана. Он бестен асқан соң досыңа бала. 3.Күйеу- жүз жылдық, Құда- мың жылдық. 4.Кең болсаң, кем болмайсың. 5.Бір ауылда мың туысың болғанша, әр ауылда бір туысың болсын. 6. Қойшы көп болса, қойлар арам өлер.