Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Өз елім, өлең төсегім.
Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.
Ел-елдің барі жақсы,
Өз елің барінен жақсы.
Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.
Сұңқар киясын сағынады,
Торғай ұясын сағынады.
Ұлтарақтай болса да
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен ел қымбат.
Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.
Есі бар жігіт елін табар,
Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.
Ырыс алды ынтымақ.
Бірлік болмай тірлік болмас.
Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.
Тірлік, тірлік түбі бірлік.
Ағайын тату болса ат көп,
Абысын тату болса ас көп.
Екі құзгын таласса,
Бір қарғаға жем болар.
Саусақ бірікпей,
Ійне ілікпейді.
Қызғалдақтың отаны
Қазақ даласы
Даланың сәні
Хош иісті
Көпжылдық өсімдік
Жұпар шашу
Көздің қарашығы
Әр адамның өз Отаны болады.Отан -сенің туған жерің.Біздің Отанымыз Қазақстан.Қазақстан ірі мемлекеттердің бірі. Қазақстанның жері кең ,табиғаты сұлу.Елімізде көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.Қазақстанның Әнұраны,Елтаңбасы,Туы,Ата заңы ,ұлттық теңгесі бар.Осындай елде турған әр бала бақытты.
Сәлем Амир . Бүгін мен сыныптастарымен театрға бардым . Онда концерт болды .Ол тамаша болды. Менің сыныптастарға концерт ұнады. Онда ,, Ұлытау тобы " концерт берді. Концерт өте көшті болып өтті.