Арыстан қартаяды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болады. Енді аңдарды айламен аулағысы келеді. Өзі үңгірде жатады да:
- Аурумын, жүруге әлім жоқ, – деп, барлық аңдарға хабар таратады. Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болады.
Бір күні түлкі келеді. Ол үңгірден алысырақ тұрады да:
- Халіңіз қалай, тақсыр? – деп көңілін сұрайды.
- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, азырақ сөйлесейік? – дейді арыстан. Түлкі:
- Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! – деп жүріп кетіпті.
Ответ:
Менің Түркияға алғаш саяхатым.
Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол – барша әлемді шарлау. Әзірге осы арманыма ата - анамның арқасында бір адым жақындадым десем деболады, себебі біз биыл отбасымызбен жазғы демалысқа Түркия еліне аттандық. Бұл менің алғашқы шетелге саяхатым болды. Бауырлас Түркия елі бәрімізге ұмытылмас әсер қалдырды. Біз Стамбул қаласына дейін ұшақпен жетіп, әрі қарай арнайы автобуспен қонақ үй орналасқан Анталия қаласына келдік. Айта кететін бір жайт, Түркияның жолдары тегіс, әрі автобустың өзінде ұшақтағыдай арнайы адамдар жұмыс істеп, тіске басар мен түрлі сусындар тарататыны ерекше әсер қалдырды. Сонымен біз Жерорта теңізінің жағасында орналасқан бес жұлдызды қонақ үйімізге де келіп жеттік. Бөлмеміз кең әрі жарық, ішінде керекті заттардың барлығы табуға болады. Ішетін тамағымыз тегін болды. Балаларға арналған арнайы бассейн мен алаңдарда армансыз ойнап, теңіз суына түсіп, күнге де біраз күйдік. Демалыс уақыты әп – сәтте өте шыққандай болды. Отбасы мүшелерінің барлығы демалыстан оң әсер алды.
Бұл шетелге шығудың бастамасы ғана деп білемін. Алда әрі сапарларымыз көп болғай!
Балалар мектепке бара жатыр.Қоңырау соғылды.Сабақ басталды.
<span>Қиял-шексіз, ол адамның әр нәрсені ойлап табуға бейімділігі. Арман-адамның болашақтағы қиялының іске асуы. Жақсы қиял ізгі адами қасиеттерден пайда болады. Мысалы: Отанның тыныштығы, өмірдің қызықты, сәтті, бақытты болуы. Әр адамның қиялы әр түрлі және ол шексіз. Қиял адамның ойын, болашаққа деген көзқарасын өзгертіп, дамытады. </span>
Жжжжжжжжаааааууааааааппппп