А - дауысты, ашық, езулік, жуан
л - дауыссыз, үнді
д - дауыссыз, ұяң
ы - дауысты, қысаң, езулік, жуан
м - дауыссыз, үнді
Әріп саны: 5
Дыбыс саны: 5
Ақбас құмай (лат. Gyps fulvus) – сұңқартәрізділер отряды, қырғилар тұқымдасына жататын жыртқыш құс Қазақстанда негізінен Іле, Күнгей, Теріскей және Жетісуларында (Жоңғар) кездеседі. Бірақ ұясы Шолақ тауларынан ғана табылған. Денесінің ұзындығы 1,12 м, қанатының ұзындығы 68 см, қанатын жайғанда ұзындығы 2,56 м, құйрығының ұзындығы 30 см. Түсі ақшыл сары, қоңыр. Отырықшы құс. Жұп құрып (2 – 5 кейде 20) тіршілік етеді. Ұясын тік жарлардың қуысына бір-бірінен30 – 50 м жерде салады. Көбеюі жөнінде деректер шамалы. Жұмыртқасын ұябасары мен шәулісі кезектесіп басады. Өлекселермен қоректенеді. Ақбас құмайдың таралу аймағы өте аз, саны жылдан-жылға азаюына байланысты Алматы облысының «Қызыл кітабына» енгізілген
Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан - ақ ата - бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып - біліп, оларға ат қойып, жеміс - жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, гүл, тамырларын дәрі - дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер – оттегіні бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім.
Республика территориясынан 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Оның 500 - дейі дәрілік өсімдіктерге жатады. Олардың түрлерінің көптігі жөнінен Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші орында тұр. Өсімдіктер дүниесінің осындай молдығына байланысты олардың ішіндегі өсімдіктің зерттеудің маңыздылығы айтпаса да түсінікті.
Мал бағумен ықылым заманнан айналысқан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Сөйтіп, ел арасында ауруға шалдыққан адамдарды дәрілік өсімдіктермен емдеу ілгеріден – ақ тараған.