Менын анам (например) 43 жаста. Анам (например)инженер болып жасайды.Жумыстан келгенде анам маган кампит немесе сыйлык акеледы.Шешем маган уй жумысымен комек теседы.Ал мен уй шаруасымен.Менын ойынша анам ен сулу жане бауырмал.Анамды мен сиякты ешкым,жаксы кормейды!
Менің досым бар. оның аты эльдар. ол жаксы бала. ол мен мен оқиды. оның кеше туылган күні болды. біз бəріміз оны құттық тадық. ол туылған күніне бізді шақырды. туылған күні жақсы өтті. біз Эльдар мен 3 жыл доспыз. ол жақсы дос.
Медеу мұз айдыны
Демалыс күні бір топ сыныптастарымызбен Медеу мұз айдынына бардық. Топтасып коньки тептік, ал коньки тебе алмайтын достарымызға қалай тебу керектігін үйреттік. Басында қиналып, біраз құлағанымен, аяғында үйреніп кетті. Соңында бәріміз қосыла теуіп, бір - бірімізді қуалап, керемет демалыс өткіздік.
Менің бос уақытымда ойнайтын ойыным ол – теннис. Мен теннисті ұнатамын және кортта ойнаймын. Кейде көрші достарыммен де ойнаймын.
Теннис өте қызық ойын. Теннис денсаулыққа аса пайдалы ойын. Мұның себебі, ойында жүгіріп, секіресің және жылдам боласың. Сонымен қатар, қатты қозғаласың және далада ойнағандықтан шынығасың. Сондықтан бұл денсаулыққа аса пайдалы ойын саналады.
Жазғы демалысымда мен теннис ойнауға көп уақытымды бөліп, көп жаттықтым. Мен Зарина Диасты өте қатты ұнатамын. Оны әлемде ең жақсы көретін жанкүйер менмін деп ойлаймын. Мен жаттығуда достарыма Зарина Диасты білесің бе? Ол Қазақстаннан! деп айтамын. Олар Зарина Диасты танып Ооо! десе мен қатты қуанып кетемін.
Мен бос уақытым тенниспен өткені үшін қуанамын. Барлық алаларға интернетпен ойнамай спортпен шұғылдану керек. Мен болашақта тенниспен айналысып атақты спортшы болмауым мүмкін. Мен тенниске денсаулық және спорт үшін жаттығамын. Басқа балаларды спортпен айналысуға шақырамын.
<span>Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған “фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес. [1]Мысалы, “халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, “халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, “ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса “халық даналығы”, “халық білімі” деп аударылатын “фольклор” терминінің мән-мағынасында да елеулі айырма бар. Батыс Еуропа, Америка, Австралия халықтарының ұғымында бұл сөздің мағынасы тым ауқымды. Ол халықтың киім-кешек, құрал-жабдық, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт, наным-сенім, сондай-ақ түрлі көркем өнерін (поэзия, музыка, би, ою-өрнек, тоқыма өнері, т. б.) тұтастай атау үшін қолданылады. Бұл жағынан алғанда ол тек ауыз әдебиетін ғана емес, “этнография”, “этномәдениет” дейтін ұғымдармен де сабақтасып жатыр. “Фольклор” атауы орыс ғалымдарының зерттеулері арқылы халықтың ауызша поэтикалық шығармашылығы деген мағынада қалыптасқан. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы “ауыз әдебиеті” деген ұғым да “фольклордың” осы мәнімен сабақтас.[2] Бұлар бірін-бірі толық алмастыра береді. [3]Ауыз әдебиетіін зерттейтін ғылымды “фольклортану” деп атау да осыған байланысты. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді. Ол — көне тас дәуірінде пайда болып, түркілік тұтастықты бастан кешірген, одан бері де қазақ халқының қалыптасу тарихымен біте қайнасып, бірге жасап келе жатқан теңдесі жоқ рухани мұра.</span>