Демалыс кезінде менің шашым өсіп кетті. Әкем мені шаштаразға апарды. Ол жерге бірінші рет бардым. Сол жерде істейтін апай бізді күлімсіреп қарсы алды. Іші кең, әрі таза екен. Мені үлкен айнаның алдына отырғызды. Шаш үлгілері көрсетілген суреттерді ұсынды. Содан кейін, менің шашымды бұрынғысынан да әдемілеп қиып берді. Енді шаш қидыруға шаштаразға барып тұратын боламын.
Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.
Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.
Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.
Сонда досы: «Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.
Киелі-қасиетті
көн ыдыс-теріден жасалған ыдыс
піспек- айран шайқайтын басы дөңгелек,ұзын сабы бар ағаш
саба-біздіңше ожау немесе табақ(тостақтан үлкендеу ыдыс)
Аясын аясын санына береке берсін басына