еңбекқор жəндік.ол өзінен үлкен заттарды көтере алады.Жаз бойы олар өз ұяларына азық жинайды.қысқұмырсқата жинаған азықтарымен қоректенеді.Ал біз болсақ олардың еңбектеніп жасаған ұяларын бұзбауымыз керек
Тұрақты тіркес — сөздердің орны әбден қалыптасқан және құрамындағы сөздерден мүлдем басқа мағына беретін тіркес.
Тұрақты тіркестің құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге, басқа сөзбен ауырстыруға келмейді.
Мысалы :
ит өлген жер — алыс
тайға таңба басқандай — анық
Тілді үйіреді — тәтті
көз шырымын алу — ұйықтау
Кез келген географиялық кітаптарды немесе ғаламтор беттерін ашар болсаңыз, «әлемдегі ең құрғақ жер қайсы?» деген сауалыңызға Чили жеріндегі Атакама деген жауап аласыз. Алайда, бұл жаңсақ жауап. Атакама - Антарктиканың құрғақ жазықтықтарынанан кейін екінші орында тұр. Бұл – 2 миллион жылдан бері жауын-шашын көрмеген (Атакамаға 400 жыл бойы жаумаған) жер бетіндегі ең құрғақ жер саналады. Аталған көрсеткіштер өз алдына көп нәрсені айтып тұр.
Сенер сенбесіңізді білмей әбігерге салынып отырғаныңызды жақсы білеміз. Өйткені, біздің ұғымымыздағы Антарктика мұз бен қар жамылған, мәңгі қыс орнаған мекен екені айдан анық. Десе де, Мак-Мёрдо бұғазына таяу маңдағы 8 мың шаршы шақырым жерді алып жатқан Виктория, Райта, Тейлор атты үш аңғардың аумағын ешқандай мұз баспаған, керісінше, сусырап жатыр.
Бұл құбылыстың себепкері - 320 км\сағат жылдамдықпен соғатын Катабатикалық желдер (бұл жер бетіндегі максималды жылдамдық). Аталған желдер бүкіл дымқылды буландырып, кептіріп жібереді. Осының арқасында аңғарлар 8 млн. жылдан бері қар мен мұзға тәуелсіз болып келеді.
Құрғақ дала дегенде көз алдыңызға өзен-судан жұрдай жазықтықтың келетіндігі қалыпты жағдай. Солай болғанымен, бұл дала өзгелерге ұқсамайды. Бұлай дейтініміз, аумақта Антарктиканың Оникс және Вида атты әлемдегі ең тұзды өзендері ағып жатыр. Оның тұздылық мөлшері Өлі теңізден әлдеқайда күштірек. Өкініштісі, өзен беттерінде қалың мұз қаптап жатыр.
Жазықтықта қалың қар мен қаусаған мұз жоқ болғандығымен, мұндағы жануарлар басқа құрлықтарға қарғанда өте аз. Шамасы, олар да мұндай құрғақ жерде өмір сүруге икемсіз секілді.
Мұндай климат Марс планетасының табиғи жағдайларына аса ұқсас болғандықтан, ғалымдар зерттеу жұмыстарын осы мекендерге тікелей бағыттап отыр. 2004 жылдан бастап Антарктиканың шөл аңғарлары ЮНЕСКО-ның қорғауына алынды.
Күз - бірқатар жемістер пісетін кез. Соның бірі – анар. Анар көпшілік ойлағандай жеміс емес, ол - жидек. Ескіден халық данышпандары анар жемісінің пайдалылығын анықтаған. Әуелгі баста Пәкістан мен Ауған елдерінде өскен жидек бірте-бірте Еуропаға келіп, Италия, Португалия, Исландия елдерінде жаңа сұрыптары пайда болған. Қиыр Шығыс халқы бұл жидекті «Жеміс-жидектердің патшасы» деп атайды. Тіпті, анардың түбі патша тәжіне ұқсағандықтан, солай атап кеткен деген аңыз бар.
Қиыр Шығыс халқы «адам баласы күніне бір шиша анар шырынын ішсе, ешуақытта обыр ауруына шалдықпайды» деген нанымды ұстанған. Уақыт өте келе, анардың зиянды ісікке төтеп беретін күші бар екенін ғалымдар дәлелдеген.
Анар жидегінің құрамында А,В,С,Е дәрумендері мен калий, йод, темір, кремний, кальций сияқты минералды заттар бар. Ал анар шырынында шарап немесе көк шәйға қарағанда антиоксиданттардың мөлшері өте көп.
Жұлдызға наурыз мерекеси унайды
оның мерекеси наурыз көже алты бақан тебумен өтеди .
Женис куни унайды асетке
ол сол куни паратка шыгады