<em> Жанна д'Арк- Францияның ұлттық батыр қызы.</em><em>Ресми туған күні - </em><em>6 қаңтар 1412ж.Жанна д ' Арк </em><em>француздық Домреми ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.</em><em>Жүз жылдық соғыстың барысында 1337-1453 ағылшын басқыншыларына қарсы француз халқының күресін басқарды.1430ж. 23 мамыр күні қоршаудағы Компьен қаласы түбіндегі шабуылда ағылшындардың одақтасы бургундардың тұтқынына түсіп, олар Жанна д’аркты ағылшындарға сатты.Руандағы шіркеу соты оны құдайдан безген, сиқыршы деп айыптап, өртеп жіберді. 1456ж. осы іс қайта қаралып, оның есімі салтанатпен ақталды. 1920ж. католик шіркеуі оны әулиелер қатарына қосты.</em>
Бәйтерек – Нұр-Сұлтан қаласындағы сәулет құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі.
«Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы А.Рүстембеков (топ жетекшісі), С.Базарбаев пен Ж.Айтбалаев, инженер-конструкторы М.Вахштейн, интерьер дизайншысы А.Оспанов; сондай-ақ оның жобасын жасауға “Аэропорт” ААҚ, “ЭМК” ЖШС, “Архфонд” ЖАҚ, Архитекторлар одағы және “Алуа” ЖШС секілді қазақстандық жетекші фирмалардың мамандары қатысты; ал құрылысын “Имсталькон” ААҚ құрылыс компаниясы (бас директоры В.Т. Кананыхин) салды. Оның негізгі идеясы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді.
Бұл нысан әлемдік Сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап береді. Астана қаласында Сәулетшілер одағының халықаралық қауымдастығы өткізген 10-байқауда беделді халықаралық қазылар алқасының шешімімен 2002 жылғы ең таңдаулы жоба және құрылыс ретінде “Бәйтерек” кешеніне Гран-при үздік айырым белгісі берілді.
Жана жылдарыныз кутты болсын курметти мугалим. Мне тагы бир жыл сырги шыкты. мен сизди Жана жылмен куттыкта келе сизге зор денсаулык, табыс, шаттык, асерли конил куй жане отбасынызга молшылык тилим. Дастарханнан дам узилмесин. Аркашанда молшылыкта омир суриниз.
Ала қанат қар — бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай жерге ала түскен қар.
Анжыр — қардың еріп қатуы. Қарғынға аралас қатқан қарлы мұз.
Боз қырау — күзгі күні тоңазудан болатын шық.
Жапалақ қар — ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.
Жылбысқа қар — ери жауған қар.
Көбік қар — жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.
Күпсек қар — қалың жауған ұлпа қар.
Күртік қар — беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.
Қасат қар — ұзақ жатқан қалың қар.
Қиыршық қар — жентектелген түйіршік қар.
Қылау — ауадағы су буынан немесе салқын тұман тамшыларынан түрлі зат бетіне, ағаш бұтақтарына қонатын мұз қабаты.
Қырау — суық күзде тоңазыған дымқыл ауанып бір нәрсеге қар тәрізді ағарып қонған түрі.
Қырбық қар — жұқа жауған қар.
Мұздақ қар — үстін мұз торлаған, көкшіл түсгі, беті жылтыр сырғанақ қар.
Омбы қар — ат бауырлайтын қалың қар.
Сонар қар — алғаш жауған қалың қар.
Сүрі қар — ерте түсіп ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп беті күлгін тартқан нығыз қар.
Сіреу қар — ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу қатты қалың қар.
Ұлпа қар — түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпек
қар.
Үйме қар — боранды жел сырғытып, бір жерге тау-төбе үйілген қар.
Үрме қар — жел үрлеп, жиынтықтаған тығыз қар.
Сабақты жақсы оқу керек, өйткені ол білім алдағы өмерге керек болады.