Мәдениет және өнер
қызметкерлерінің күні
қарсаңында аудандық
балалар кітапханасында
аудандық мәдени-демалыс
орталығының қызметкері,
танымал талант Тимур
Тапаловпен «Сыр сұхбат»
кездесу кеші өтті.
«Сыр сұхбатқа» шақырылып
отырған Тимур Тапалов –
облыстық, халықаралық
конкурстардың жүлделі
орын иегері, классикалық
туындылардың шебер орындаушысы, талантын мен деген мықтылар
мойындаған Тасқала түлегі.
Жас оқырмандар әншіге түрлі сұрақтарын қойып, «тірі» дауыста әндерін тыңдады.
Қырық бес минуттық шара барысында кеш кейіпкерінің балалық шағына саяхат
жасалып, репертуар таңдаудағы талғамы, қызығушылықтары әңгімеге арқау болды.
Бақсақ, әншіміз сазсырнайда ойнап, құмай баптайды екен.
Кейіпкердің болмысын ашқан, шараның мәнін асырған ұстазы Бәтима Қайырғалиева
болды.
– Мен білетін Тимур сезімтал бала. Төменгі класта «Іңкәрім менің» тақырыбында
шығарма жаздырған едім. Бұл тақырыпты әркім өзінше тарқатыпты. Сонда Тимур
анасы туралы жазған екен. Ананың ақ сүтін ақтауды борыш санайтын бала екен деп
бір сүйсініп қалдым. Тағы бір шарада Мұқағалидің «Махаббат мұңы» деген өлеңін
оқыттым. «Түу, апай,әй! Махаббат деген қасіреті, қасиеті бар сезім екен ғой» деп еді.
Осы сөзімен де асқан сезімталдығын, жүрегінің жұмсақтығын аңғартқан еді.
Аудандағы шара біткен Тимурсыз өтпейді. Қатысқан байқау, конкурстарынан құр қол
қайтпайды. Ұстазы ретінде қуаныштымын. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дейді, ұстаз біткен
осындай мақтаулы шәкірттерімен пұлды. Тимурдың шыққан биігін «менің де биігім»
деп танимын. Алдағы уақытта да шәкірттерімнің тек жеңістерін көргім келеді,-деді
сөз алған Бәтима Зейнешқызы.
Тимур әріптесі Айбек Каховтің гитарада сүйемелдеуімен тамылжыта ән шығарған
кештің көрігін қыздырды.
– Біздің балаларымыз өз өлкеміздің таланттарын танымаса да, мұхиттың арғы
жағындағы Наоми Кэмпбелл, Мадоналардың өмірбаянын жатқа біледі. Осы тұрғыда
ауданымызға аттары танымал адамдармен осындай сыр сұхбаттар өткізіп,
таныстыруды жөн деп таптық, -дейді аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі
Елена Мусина.
Шараға белсенді қатысқан жас оқырман да марапатсыз қалмады. Әншінің қолтаңбасы
бар кітап тарту етілді.
ОКЖ балалар мен жасөспірімдер әдіскері Гүлнар Мурзекеева бастамашы болған осы
бір игі шара алдағы уақытта да өз жалғасын табарына сенеміз.
Кай жерде деген сұраққа жауап беред
Привет !я помогу но я не знаю на счет 3 .1Ғылыми дәрежесі беріле отырып, оның ішінде мемлекеттік .2 табыс тілеймін баршаңызға сілтеме пікірлер жоқ халқымыздың тарихи тұлғалар спорттық мекемелер 3 үй ұлттық құрылыс бөлімі жер сілкінісі кезінде не істеу керек деген! Больше не знаю ел эти точно на 5
Несіпбек Айтұлы
Біздер үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз,
Қорғамасақ несін ұл боп туғанбыз?!
Кіндігіміз тар қапаста кесіліп,
Ит көйлекті қанды жаспен жуғанбыз.
Туған жұртқа тірек болу ерге-сын,
Құлдықты енді құдай басқа бермесін.
Атаң өлсе, өзің ата боларсың,
Ешқашанда Отан өле көрмесін!
Әкең өлсе, шешең өлсе жыларсың,
Балаң өлсе, бір жығылып тұрарсың.
Отан өлсе, опырылып түскенің,
Күңіреніп көрге бірге құларсың.
Біздің Отан өліп, қайта тірілген,
Біздің Байрақ құлап, қайта тігілген.
Опат болған ерлер рухы оянар,
Отан деген лебіз шықса тілімнен.
Отанменен аспандағы Күн егіз,
Екеуінің амандығын тілеңіз.
Жас азамат, бұл Отанның қадірін,
Отансыз боп көрген біздер білеміз!
Керек қылса, жолында оның құрбанбыз,
Бәріне де белді бекем буғанбыз.
Бір кеудеге екі жүрек сыймайды,
Қазақ үшін Отан жалғыз, Ту жалғыз!
Қысқы қызық
Қыс түсіп, қар қалыңдаған кез - балаларға думан. Ауылдың маңындағы төбешіктен шаңғымен зулап, кішкене көлдің бетіндегі мұз айдынында конькимен зырлайды. бұл ересек балалардың ойыны. Ал кішкене балалар шанамен әлек. Жалпы ауылды қалың қар басып, үйлердің пештерінен түтін шығып жатыр. Балаларға қызық болса, үлкендер қар күреп, тазалаумен әлек болады қыста.