Мектеп ауласында ағаштар бар.Мектеп ауласында орындықтар бар.Мектеп ауласында гүлдер бар.Мектеп ауласында спорт алаңы бар.
Жақсыдан үйрен ,жаманнан жирен!
Алматы - менің сүйікті қалам. Әдемі көркімен, жанға жайлы ғимараттарымен есте қалатын Алматы, бүгінде әр адамның жүрегінен жылы орын тапқан болар,сірә! Алатауы айқара ашылып қарсы алса, Көктөбесі жайқала жадырап құшақ жаяды. Онсыз да әсем әнмен баурап алатын Алматы, күн өткен сайын құлпыра түскендей. Алматы - үлкен белестерді бағындырған қала. Оның тарихына көз жүгіртсек, басынан сан-қилы тарихи кезеңдерді өткерген. Табиғаты да өте керемет. Жетісудың еркесіндей елітіп, еркелей түседі. Арманыңды арманға жалғайды. Қаланың табиғаты, зәулім үйлері барлығы да бейне бір әсем әуендей. Әрқайсысының өз орны бар, әр ағашы да, үйі де жарасымды. Алайда, бұл сұлулық мәңгілік жасай бермейді. Соңғы кездері қаламыздың экологиялық жағдайы бәсеңдеп бара жатыр. Экологиялық апатты аймақтардың бірі екендігіміз де рас, егер әрбір тұрғын өзінің ауласын,жүрген жерін таза ұстап, Табиғат - Ананы естен шығармай жүрсе, нұр үстіне нұр болар еді. Алматы қаласының болашағы - өзіміздің қолымызда.
Қазақ халқы ерте заманның өзінде-ақ аспандағы айға, жұлдызға қарап ертеңгі ауа-райын болжап отырған. Оған дәлел ретінде «Сүмбіле туса су суыр» немесе «Сәуір болса, күн күркірер, Күн күркіресе, көк дүркірер»-деген мақал-мәтелдердерді келтіруге болады. Дегенмен, қазіргі заманауй технологиялардың дамып тұрған заманында, ауа-райының болжамын гидромед орталықтары зерттеп, халықты күнделікті ауа-райы мәліметтерімен құлақдар етіп отырады. Бұл мәліметтер баспасөз беттерінде, радиода, телеарналарда, интернет сайттарында таратылады
Көктем мезгілі жақындап келе жатса, қуаныштымын, көктемнің жылы - барлық тірі заттар оянып, гүлдене бастаған уақыт. ұмытылмас сезім: «Көктем - жылдың ең әдемі маусымы», «сүйіспеншілік, жылу және шабыт», «Көктемнің жарық көзі», көктемде көптеген өлеңдер бар.