Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі.
Мақал
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Шығарма.Менің сүйікті жыл мезгілім.Менің сүйікті жыл мезгілім-жаз. Себебі,жазда ыстық. Көңіл-күйім көтеріңкі. Доп ойнаймыз,көлге барамыз.Балмұздақ жеп салқындаймыз. Жеңіл киінеміз. Күн ұзарып,түн қысқа болады. Достарыммен бірге гүл,жидектер теріп көңілді уақыт өткіземіз. Менің жаз мезгілін сүйетін бірен-бір себебім жазғы демалыс. Алақай!!!