Сәбіз тамыры жерде өсетін көкөніс.Сəбіздің пайдасы көп.Оны көп тағамдарға пайдаланады.Көбінесе саяжайларда көп өсіріледі.Күзде сəбізден түрлі салаттар жасайды.Сəбіздің осыдан басқа да пайдасы бар
«Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз...» - деп, айқындап берді. Осындағы «Адам болу, оған тезірек жетуге, асығуға ұмтылатын бес нәрсе не?» деген сұраққа Абай: «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой - Бес асыл іс, көнсеңіз...» - деп, кесімді, тұжырымды жауап береді. Шын мәнінде нағыз адам болу үшін жағымды жақсы қасиеттер, жақсы сипаттар - адамдық, әділеттілік, достык,махаббат,ар-намыс<u>,</u> сабырлылық, батырлық т. б. толып жатыр. Осылардың ішінен ақын жастардың бойындағы адамгершіліктің негізгі қасиеттері,«Бес асыл іс»: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым туралы даналық ой қозғауының өзіндік мәні бар. Талап. Абай Қырық төртінші сөзін «Адам баласының ең жаманы - талапсыз» деп бастайды да, талаптың да түрлері кеп болатынын баяндайды. Талаптың ішіндегі ең зоры - бір өнерді таңдап, содан нәтиже шығармай тынбаушылық. Ақын жастарға өнер үйренетін кітаптарды оқуға, бірақ мұратты кітап бетінен емес, өмірден іздеуге кеңес береді. Абайдың түсіндіруінше талапсыздықтың түрлері - ынтасыздық, ықылассыздық, жігерсіздік. «Керек іс бозбалаға - талаптылық, Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық. Кейбір жігіт жүреді мақтан көйлеп, Сыртқа пысық келе» - дей келе, талапсыз адам ғылымға, болашаққа, өз өміріне жол сала алмайтынын ескертеді. Еңбек. Бүл дүниедегі құдіретті күш діни ұғымда құдай болса, ғылыми ұғымдағы бірден-бір жасампаз ұлы күш - Еңбек. Абайдың тұжырымынша әуелі құдайға сиынып, сонан соң өз қайратына сүйеніп еңбек еткен адам нағыз азамат болып саналады. «Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың», - дейді ақын. Абайдың пікірінше ерінбей еңбек еткен, ізденген, әр нәрсенің жөнін біліп, әрекет еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды. «Еңбек қылсаң ерінбей - Тояды қарның тіленбей...» -деген жыр жолдарындағы ақынның байламы бойынша еңбектің негізгі атқаратын қызметі, басты мақсаты - жан сақтау, мал табу, үй-ішін асырау. Терең ой. Адамды адам еткен еңбек болса, сол еңбек дағдысы барысында қалыптасқан адамды барлық жан-жануардан ерекше айырып тұрған екі қасиетті Абай жоғары бағалады. Оның біріншісі - ақыл-ой, екіншісі - сөз. Ойлау - күрделі психикалык процесс, оның мазмұны өте бай, ал ешқандай сөз ойдың барлық байлығын қамтып бере алмайды. Сөз тіл арқылы жүзеге асатын болса, ойлаудың негізгі құралы - ұғым мен пікір болып табылады. Абай «Жапырағы қуарған ескі үмітпен» өлеңінде адам үнемі үздіксіз ойлауы керек, өйткені тек тұрақты ақыл-ой әрекеті ғана кісіні алға бастайды, бірақ ой күнделікті өмірмен байланысты ақиқатты түрде болуы керек деп үйретеді. Ақын мияда қорытылып айтылған өзіндік тиянақты ұғым мен келелі пікірге толы ойлы сөзді құрмет тұтып: «Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ» - деп, ой-пікірсіз сылдыр сөзді адамдарды сынға алады. Қанағат. Абай адамгершілік, иман туралы толғаныстарында «қанағат» ұғымына ерекше мән береді. Ақынның түсіндіруінше қанағат - барға риза болу, місе түту, нысаптан шықпау, нәпсіге ермеу: «Қулық, сұмдық, ұрлыкпен мал жиылмас, Сұм нәпсің үйір болса, тез тиылмас, Зиян шекпей калмайсың ондай істен, Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас». Ал, қанағатсыздық - езі тойса да, көзі тоймайтын тойымсыздық, нысапсыздық. Қанағат қарын тойғызса, жалғыз атын сойғызуға жеткізетін қанағатсыздықты ақын: «Адам баласы қанағатсыздықпен... хайуандардың тұқымын құртты...» деп, мінейді. «Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға өлдің бөрі де есті», - деп, налиды. Рақым. Абайдың пікірінше терең ойдың негізі ми мен ақыл болса, рақымдылықтың негізі жүрек пен сезім. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын мен..әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық..менен шығады» -деп, жүректің қызметіне талдау жасайды. Абайдың тұжырымынша рақымдылық - барлық адам баласын өз бауырындай керу, езіне ойлаған жақсылықты өзгеге де жасау.Мейірімсіз, ешкімге жаны ашымайтын қатыгез адамдарды ақын жақсылықтың жауызы, жамандықтың дем берушісі деп бағалайды.
Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы.Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат таныған Ғабит жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіріп, Қазан төңкерісінен кейін үстемдік алған Кеңес өкіметінің жұмысына әжептеуір орысша сауаты бар адам ретінде араласып, түрлі қызмет атқарады.Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. Орынбордағырабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осы кезде өзінің тырнақалды туындысы «Тулаған толқында» повесін жазады. Содан былай қарай баспа орындарында, партия, кеңес мекемелерінде жауапты қызмет атқара жүріп, шығармашылық жұмысын толассыз дамыта береді. Соның нәтижесіндей болып, «Қос шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Шұғыла», «Талпақ танау» әңгімелері мен «Бір адым кейін, екі адым ілгері» повесі жыл аралатып барып, бірінен кейін бірі жарық көреді. Оның бұл шығармалары қазақ әдебиетіне жазу стилі қалыптасқан, көркемдік шеберлігі ерекше жаңа суреткердің келгенін жария еткен еді.Шығармашылық жолының бір белесін аналар туралы әңгімелер топтамасымен түйіндеген жазушы енді кең тынысты туынды жазуға кіріседі. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғын ала ол өзінің тұлғалы туындысы «Қазақ солдаты» романын жазады. Роман тың тақырыбымен, образдарының көркем бейнеленуімен, сюжет құру шеберлігімен, тартымды тамаша тілімен таңдаулы қазақ романдарының қатарына қосылады. Бұдан кейін ол араға біраз уақыт салып барып, өзінің ең ірі салалы да салиқалы шығармасы «Оянған өлке» романын жариялайды.Қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы саналған осы романынан кейін жазушы қайтадан шағын жанрға ойысады. Сөйтіп әңгіме жанрында зергер суреткерлігімен танылған ізденімпаз жазушы, көркемдік шеберлігін барған сайын шыңдап, әр әңгіме, повесі сайын жаңа бір белеске көтеріліп отырады. 1968 жылы «Кездеспей кеткен бір бейне» кітабы үшін Абайатындағы республикалық сыйлық алады. Араға бес алты жыл салып барып, прозадағы соңғы елеулі туындыларының бірі «Ұлпан» повесін жариялайды.Сонау отызыншы жылдарда ақ үлкен драматург екенін танытып, «Қыз Жібек» операсының либреттосын, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» пьесасын берген Ғ.Мүсірепов кейінгі жылдарда да бүкіл қазақ драматургиясының тамаша туындысы болып табылған «Амангелді», «Ақан сері Ақтоқты» пьесаларын жазады. Оның шығармаларының негізінде кинофильмдер түсіріледі.Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады.<span>Ол бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты</span>