Туған ауылым Менің ауылымның табиғаты көркем, тамаша, керемет! <span>Мен ауылым туралы айтып жырлығым да, әндеткім де келеді. Мен - Қуанышбек Құндыз, 2 - класс оқушысымын. Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Комсомол селосында дүниеге келдім. Кішкентай кезімнен осы ауылымның таза ауасымен, хош иісі аңқыған гүлдердің иісімен, ауылымның ыстық түтінімен демалып келемін. Әр адамның өз ортасы, өз ауылы ыстық қой?! Менің ауылымда көптеген ғимараттар, мәдениет үйі, мешіт, мұражай, балабақшалар, супермаркеттер, теміржол вокзалы, тіптен саябақта бар. Қалаға автобустар қатынайды. Кейде бос уақытымда саябаққа барып, кітапханадан алған кітаптарымды оқып отырамын. Үйде отырғанымда пойыздың пышпа - пышпа деген дауысы да естіледі. Ауылымның адамдары пойызбен Астана., Қостанай қалаларына барады. Вокзолымыз әдемі салынған. Ауыл мағында Ырғыз өзені ағып жатыр. Жаз кезінде жазғы демалыс алдында апайымыз Жадыра Файзоллакызымен саяхаттап табиғатқа шығамыз. Түрлі ойындар ойнап, табиғатты бірге тамашалаймыз. Өзеннен шоршып секіріп жүрген балықтарды көріп қуанамыз. Менің ауылымда достарым да көп. Олармен татумын. Ауылымның кешкі таьиғаты мүлдем өзгеше. Алыстан шаңдарын көтеріп малдар өрістен келеді. Барлығы төлдеріне сүттерін толтырып ала келеді. Бұл көріністі анамыздың бізге дүкеннен тәттілерді әкелгеніне ұқсайды. Өзге ауылға қыдырып бара қалсам, туған аылымды сағынамын. Тез елге қайтқанша асығамын. "Туған дердей жер болмас, Туған елдей ел болмас."- деп, аталарымыз бекер айтпаған екен ғой. Сондықтан достар, мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Өскенде өз ауылымның көркеюіне өз үлесімді қосамын. "Ауылымның гүлденгені - Қазақ елінің гүлденгені "- деп ойлаймын.</span>
Астана-Қазақстанның жаңа астанасы.Астана күннен-күнге көркеюде.Жаңа астана көптеген жаңа ғимараттарға мүмкіндік берді.Бізде өте көркем ғимараттар бар.Олар:Бәйтерек,Хан-Шатыр,опера және тағы басқалары.Астана көптеген туристерді қызықтыруда.Әр жыл сайын көптеген шетелдіктер келуде.2017жылы жаңа астанада әлемдік көрме EXPO өтеді.Оның басты тақырыбы:"Болашақ тоқ көзі".Бұл көрме Қазақстанды әлемге танытуға мүмкіндік береді, оның ішінде дәстүрін, халқын және оның болашақ жоспарларын.Әр күн сайын астана көркеюде.Мен Астананы мақтан етемін!
1) Н.Назарбаев латын әліпбиіне көшу туралы шешім қабылдады. Ол латын әліпбиі - қазақ тілі және оны жаңа деңгейге көтереді деп санайды. 2) көптеген адамдар ежелгі түркі халқы мен олардың маңызын ұмытып кетеді. Мәдениет пен тіл өзара байланысты. 3) латын әліпбиіне көшу 4) латынға көшудің қажеті бар ма? Ақша мен уақыт көп болады.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.
Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.