Ей, жүрегімнің қуаты, перзентлерім! Сіздерге адам ұғылының мінездері тұғралы біраз сөз жазып ядкар [35] қалдырайын. Ықылас бірлəн оқып, ұғып алыңыздар, аның үшін махаббатың толады. Махаббат — əуел адамның адамдығы, ғақыл, ғылым деген нəрселер бірлəн. Мұның табылмақтығына себептер — əуелі һауас сəлим [36] һəм тəн саулық, бұлар туысынан болады, қалмысы жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады, Талап, ұғым махаббаттан шығады. Ғылым-білімге махаббаттандырмақ əлгі айтылған үшеуінен болады.
Ғылым-білімді əуелі бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады. Сонан соң ғана Алла Тағаланы танымақтық өзің танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана жəліб мəнфағат[37] дəфгы мұзарратларны[38] айырмақлық секілді ғылым-білімді үйренсе, білсе деп үміт қылмаққа болады. Болмаса жоқ, ең болмаса шала. Аның үшін көбінесе балаларды жасында ата-аналары қиянатшылыққа салындырып алады, соңынан моллаға берген болады я ол балалары өздері барған болады — ешбір бəһра[39] болмайды.
Ол қиянатшыл балалары талапқа да, ғылымга да, ұстазға да, хаттə[40] иман иғтиқатқа[41] да қиянат бірлəн болады. Бұл қиянатшылар жарым адам, жарым молла, жарым мұсылман. Олардың адамшылығының кəмелат[42] таппағы — қиынның қиыны. Себебі, Алла Тағала өзі — хақиқат жолы. Хақиқат бірлəн растық — қиянаттың дұшпаны, дұшпаны арқылы шақыртқанға дос келе ме?
Көңілде өзге махаббат тұрғанда хақлықты таппайды. Адамның ғылымы, білімі хақиқатқа, растыққа құмар болып, əр нəрсенің түбік, хикметін білмекке ынтық бірлəн табылады. Ол — Алланың ғылымы емес, һəмманы білетұғын ғылымға нттықтық, өзі де адамга өзіндік ғылым береді.
Кендебай батыр шал мен кемпірдің Құдайдан жалбарынып тапқан ұл. Кендебай батыр алты күнде күліп, алпыс күнде жүріп, алты жыл ішінде алпамсадай үлкен азамат болып өседі. Алдынан шыққан жауды оң жақтан сол жақтан жапырып қырған деседі. Ол өте мейірбан, шыншыл, өте батыл, мерген және кайырымды қамқор болған.
Қазақстан жерінде ертеден келе жатқан көне кесене, сарайлар көп. Соның бірі Айша Бибі кесенесі. Кесене сырты әсем тастармен безендірілген (көркемдеген деген сөз). Кесененің біраз бөлігі түрлі себептермен бүлінген (су, қар, күннің ыстығы тасты мүжіп, бедерін жояды). Тек батыс қабырғасы ғана өзінің бастапқы қалпында тұр. Оны қалпына келтіру үшін шеберлер үш жыл бойы ізденіп, ескі пештер арқылы плиткалар дайындады. Ол плиткалар 72 түрлі белгіден тұрады. Іргетасынан бастап төбесіне дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осылай қайта қалпына келтіру арқылы бізден кейінгі ұрпаққа мәдени мұрамызды жеткіземіз.