Достық - бұл ғажайып нәрсе. Достық адамда тек есейген шағында ғана пайда болады, мысалы, жаңа туған нәресте достық туралы ештеңе білмейді. Адам есейе келе достықтың қажеттігін, доссыз өмір қызықсыз болатын байқай бастайды. Достарсыз сен өзіңді жалғыз сезінесің. Өз достарыңды жақсы көріп, қадірлей біл.
Мен оскенде даригер болгым келеди. Ауыргын адамдарга комектеским келеди. Мен оскенде бар адамга кол ушын бермем деймин. Мен бул мамандыкты тандаган себебим мен адамдардын сау жургенин калаймын. Менин ак халатты абзал жан болгым келеди. Арманым алга койган максатым осы....
Синонимы:
Əлемге танымал- əйгілі
Жақсы көремін- ұнатамын
Қай жерде? - қайда?
Төреші- басшы
Жақсы-керемет
Қиын - ауыр
Қызықты- тартысты
Ұйымшыл- ынтымақты
Тұру- түрегеу
Күшімді- барымды
Предложения:
Мен əйгілі спортшыларды танимын.
Спорттан футбол түрін ұнатамын.
Футболдан Əлем чемпионаты келесі де қайда өтеді екен?
Мен басшымен толықтай келісемін
Керемет тəсілдермен ойнайтын спортшыларды көргенмін.
Ауыр спорт түрімен айналысу оңай емес.
Тартысты ойындарды ұнатамын
Ынтымақты ойыншылар мені қуантады.
қақпада Түрегеп тұру өте қиын.
Мен барымды салып футбол ойнаймын.
1 атқару шартты
2 маман специалист
3 лайкнишь продолжу
Қыс
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады. Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін! Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Күз
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр. Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай!