Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлікте төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар. Ал мен үшін орыны бөлек, жаныма жақын - күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады.
Ой, бүгін сені кездестіремін деп ойламап едім, өзіңді көргеніме өте қуаныштымын, хал- жағдайларың қалай? Балалар ержетіп, азамат болып қалған шығар? Қазір балалар мен ата-арасындағы қарым-қатынас күрделі болып кетті ғой, өзің балаларыңмен қалайсың?
Сен тіпті, сұрақты жаудырдың ғой, немене балалармен араңда түсініспеушілік туындап жүр ме? Менің балаларым Аллаға шүкір, тәрбиелі, ешқандай оғаш қылықтары жоқ. Екі балам мектепте бастауыш сыныпта, екеуі жоғарғы оқу орнында, бір қызым Астанада. Өзіңнің балаларың қалай?Неше балаң бар? Олар қайда оқиды? Ия, өзің айтқандай менің балаларым да жаман емес, үлгілі азаматтар, өздері ата-ана, өнегелі ұл-қыздар тәрбиелеп отыр, Аллаға шүкір.
Велосипедтің көлемі əр түрлі болады. Мысалы: үлкен адамдарға және кішкентай балаларға арналған. Велосипедпен алыс жерлерге баруға немесе серуендеуге болады. Велосипед айдаған адам денсаулығына пайдасы мол.
Көмекші етістік – толық лексикалық мағынасы жоқ, жеке тұрып сөйлем мүшесібола алмайтын, тек негізгі етістіктермен,есім сөздермен тіркесіп қолданылатын етістіктер. Қазақ тілінде 4 К.е. бар: е (еді, екен, емес), жазда, ет, де (деді, деген, десе, дейді). Мыс., Жаманға жүзің салма малды екен деп, жақсыдан күдер үзбе жарлы екен деп (ел аузынан). Жеке тұрып лексик. мағына білдіре алмайтын, сөзге әр түрлі грамм. мағыналар үстейтін мұндай К. е-тер мәнсіз көмекші етістіктер деп аталады.