1)Киіз үй көне дәуірінде пайда болған.
2)Киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған.
3)Үй біздің заманымыздан бұрыңғы ғасырда кеңінен пайдаланылған.
4)Киіз үй негізгі төрт бөліктен тұрады.
Ауыз тию
Алыс сапарға, емделуге шыққан адам ауылды үлкен үйінен дәм татып аттанатын ырым бар. Бұл сол "Қара шаңырақтың киесі қолдасын" деген сенімнен шыққан. Сондай-ақ дастархан үстіне келген адам дәмнен ауыз тиюге тиіс. Ал таңертеңгі астан міндетті түрде ауыз тиеді. Мұндайда әйел болса "күйеуің тастап кетеді", еркек болса "әйелің тастап кетеді" деп әзіл айтады. "Таңертеңгі асты тастама, кешкі асты бақпа" деген мәтел бар.
Қазақтың дәстүрі бойынша үйіне келген адамға дәм ауыз тигізбей шығармауы керек. Халықта "үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады" деген сөз бар. Мұның бәрі қонаққа да, асқа да ерекше ықыласты көзқарастың белгісі.
Балаға анықтама беретін болсақ
Бала
- жасы кәмелетке толмаған, жан - жақты тәрбиені қажет ететін,
болашағынан көп үміт күттіретін жеке тұлға олай болса, балаға тәрбие
берушілер
Бала:
Жанұя, ата - ана
Ортасы, жолдастар
Мектеп мұғалім
Осының ішінде бүгін ата - ана, жанұя тәрбиесіне тоқталып өтсек.
«Адамның
бір қызығы бала деген» Абай айтқандай, бала адамның да өмірдің де
қызығы. Ата - ана - тәрбие өнегесі, сондықтан, мынадай қазақ мақал
мәтелдері ертеден жатталып, айтылып келеді.
«Ата көрген - оқ жонар,
Ана көрген - тон пішер,
Баланың ұяты - әкеге,
Қыздың ұяты - шешеге»
Баласының келешегін ойлаған ата - ана өз мекенін ауыстыруға дейін барып жатады.
«Ұлың
жақсы болсын десең, ұлы жақсымен көрші бол, қызың жақсы болсын десең,
қызы жақсымен көрші бол» деген өнегелі сөз де содан шықса керек.
Бала
тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда «Алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген
ата - анаға, сіз балаңыздың 1, 5 жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз, баланы
іштен тәрбиелеу керек» деген еврей халқының мысалын келтіріп жатамыз.
Бала
тәрбиесі - қиын да күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі
болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз. Бірақ баламызды осы
мақсаттарға сай тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш - жігер қажет екенін
бәріміз білсек те, мойнымыз жар беріп, бала тәрбиесімен айналыса
бермейміз. Кейін баламыз есейген сәтте, «сен маған тартпағансың, мынаны
олай істемедің, ананы бұлай істемедің, ештеңеге қырсызсың» деп кінәлап
жатамыз.
Еліміздің көркейіп, өркениетті елдің қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.
Шығыс ғұламасының бірі болып саналатын Жүсіп Баласағұнның дастандарында отбасы тәрбиесі көп айтылады.
Мемлекеттің
беріктігі тек ел билеуші қайраткерлерге әділ заңға, күшті әскерге ғана
емес, әр отбасының беріктігіне байланысты екендігін сипаттайды.
Оның ойынша: отбасы беріктігі жаңа жар таңдаудан басталады және өнегелі отбасында ғана өнегелі ұрпақ тәрбиеленеді.
Елбасы
Н. Назарбаев «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады»
баяндамасында отбасының беріктігі, жұбайлардың бір - біріне, ең бастысы,
балаларының алдындағы жауапкершілігі де көп нәрсеге байланысты. Ата -
аналар балаларына, ал балалары ата - аналарына қамқор болуға тиісті деп
атап өткен.
ҚР - ның Конститутциясы да «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың құқығы әрі парызы деп көрсетілген».
Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы.Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді.