Биз ден шыныктыру сабагында эстафета ойнадык
Ответ:
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.
Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.
«Теңге ілу» — ұлттық ойын.
Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықты «ат» қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді.
Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20—30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-оннан тас салады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.
Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді. Ойын жылдамдықты дамытып, тез әрі дәл әрекет етуді үйретеді.[1]
Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Көбіне қыз ұзатылатын және сүндет тойларының думанында ойналады. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі самдағай әрекеті, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады. Теңгені іліп ала алмай, аттан ауып қалып жататындар да көп болады. Кейде бір ауылға келін ұзағырақ жылдардан кейін түсіп, беті ашылғаннан кейінгі сайранда ырым үшін де ойналады. Сонда жас келін өзінің шолпысын не алқа күмістерін орамалға түйіп, бір қарыстай терең қазылған, қолдың басы ғана сиятын шұңқырға салып қояды. Сәйгүлік мінген жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып келіп, сол ағынымен шұңқырдағы орамалды іліп әкетуге тиіс. Шұңқыр тұсында іркіліп, тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды. Кімде-кім орамалды іліп әкетсе, оны өзіне тартылған жас келіннің тарту сыйы деп біледі. Оны өзі алып қалмайды, қалаған адамына сыйлайды.
Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды.