Тігін машинасы шыққалы қол тігіс түрлері мүлде ұмытыла бастады. Қазіргі кезде қолмен тігу тек қазақы ұлттық жасау-жабдықтарды дайындау кезінде ғана қолданылатын болды. Үзілген түймені өзі қадап алудың орнына шебер іздеп шаршайтын мына заманда қол тігіс түрлеріне кім қызыға қойсын десек те, біле жүргеннің зияны тимес. Деректерге зер салсақ, қол тігіс атауларының өзі аз емес екен.
Көктеу тігіс Көктеу – тігілетін маталарды уақытша ұстап, тігуге қолайлы болу үшін пайдаланатын тігіс түрі. Көктеу екі түрлі болады. Біріншісі, инені алшақ шаншып, екі матаны бір-біріне жапсыра тігу. Екіншісі, теріден пішілген киімдерді немесе саба жасағанда жіптің ұшын түйіп, бір өткізіп алған соң қайта түйіп кете беру. Екінші алшақтау жерден, осылай іліп тігу. Бұл көктеу түрі көбінесе қалың аң терілерінен киім тіккенде қолданылады.
Тепшу тігісі Бұл тігіс көктеуге қарағанда жиі тігіледі. Тігіс әдісі де көктеуге ұқсас. Ине шаншымын жиі алып, тек бір шаншымнан емес, инені шүберекке әлденеше шаншып тізіп алған соң бір-ақ тартып шығаруды – тепшу дейді.
Жөрмеу тігісі Жөрмеу тігісі – теріден, көннен, киізден жасалатын жабдықтар мен киімдерді тігуге қолданылады. Мысалы киіз үйдің киізден жасалатын жабындылары жөрмеу арқылы тігіледі. Шетін жиектеуге де жөрмеу әдісі пайдаланылады. Жөрмеудің жапсырып тігу, бүгіп тігу түрлері де бар. Матаны матаға жапсыратын тігіс үшін кейде бұзау тіс, шыраш жөрмеуі де қолданылады. Жөрмеу тігісінде екі киізді, теріні беттестіріп алып, шетінен бастап инені көлденеңінен түйреп шаншып, жіпті орап түсіріп тігеді.
Біздің Қазақстанда басқа əдемі жерлер көп.Басқа елдерде осындай əдемі жерлер жоқ
Қазақ хандығында би шешендер көп болған. Əбу Насыр Əл Фараби бүкіл Азияға танылған ғалым ұстаз.
Ұшқыш Талғат Бигельдиновтың жасаған ерліктері көп.
Маған интернет ұнайды
Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі функцияларына электрондық почта қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемен айналысатын топтардың немесе зерттеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.
Интернет күннен-күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен олардың жабдықтаушылары және тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқаратын осы Интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекмелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты қащықтан жылдам жеткізу жұмыстары осы Интернет арқылы жүзеге асырылады.
<span><span>Назымбек екiншi кезекте оқиды. Жер тайғақ. Асыға басып, мектебiне келе жатыр. Бiрер рет аяғы тайып кетiп құлап тұрды.
Өзiмен бiрге оқитын Нақысбектi жолда кездестiрдi. Ол бiр кiшкентай баланы қолтықтап алған. Бала еңiреп жылап келедi.
– Мына бала сенiң iнiң бе? – деп сұрады Назымбек.
– Жоқ.
– Ендi кiмiң?
– Құлап, аяғын ауыртып алған екен.
– Оны қайда апарасың?
– Дәрiгерге көрсетiп, жарасын таңғызып берейiн. Екеулеп апарып салсақ қайтедi? – деп өтiнгендей болды Нақысбек.
– Сабақтан кешiгемiз ғой...
– Мен кешiксем, Күлпәш Құлекеноваға айтарсың, мертiккен баланы дәрiгерге әкеттi деп.
– Айтайын, көп жүрiп қалма! – деп, жүгiре жөнелдi Назымбек. Нақысбек арқалап алған бала зар қағады. Ауырсынып, шырылдауына қарағанда аяғы сынған болу керек.
– Жылама, қазiр дәрiгерге жетемiз, таяу қалды. Сенiң атың кiм?
– Төлеген...
– Ал, Төлеген батыр, мойнымнан мықтап ұста, тез жеткiзе қояйын, – Нақысбек Төлегендi хирургке алып келдi. Олар айнаға түсiрiп, сынық бар дептi. Емханаға салатын болды. Хирург Нақысбекке:
– Кiшiге көрсеткен қамқорлығың үшiн саған рақмет! – деп, басынан сипап, арқасынан қақты. Ендi Нақысбек мектепте қарай жүгiрдi</span></span>