Табиғатты қорғау үшін мен не істеу керекпін?
Табиғат тіршілік көзі. Оны аялау, қорғау әрбір адамның міндеті деп білемін, себебі өзіміз өмір сүріп отырған қоршаған ортамыздың таза болуы өзімізге жақсы.
Табиғатты қорғау үшін біз ең алдымен өзімізден бастап, қоқыс шашпауымыз керек. Қазір қоқыс сұрыптайтын жәшіктердің арнайы түрлері де бар: қағаз үшін, әйнек үшін, тамақ қалдықтары үшін.
Одан кейін әрдайым сенбіліктерге шығып, өзен - көлдің жағалауларын қоқыстан тазалауымыз керек.
Сонымен қатар жайқалып өсіп тұрған ағаштарға қамқорлық танытып, көктем келісімен оның түптерін әктеуіміз керек. "Бір тал кессең, он тал ек" демекші, қолымыздан келсе, ағаш отырғызуымыз қажет.
Тіпті құстарға деген қамқорлығымыздың өзі табиғатты қорғау болып саналады, себебі құстар ағаштарды құрттардан қорғап, ал ағаштар болса, бізге оттегі береді.
Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты ластамай қорғауымыз керек.