Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ. «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
Қазір дене шынықтыру сабағы.Ол-үшінші сабақ.Үшінші сабақтан кейін төртінші сабақ-қазақ тілі.Бүгін бес сабақ.
Сенің сүйікті жыл мезгілі қандай? Жаз
неше жыл мезгілілер бар? төрт
қандай бірінші жыл мезгілі? қыс
қандай екінші жыл мезгілі ? көктем
қандай үшінші жыл мезгілі ? жаз
қандай төртінші жыл мезгілі? күз
қар қашан жауады? қыста
қашан жастық? жазда
қашан суық? қыста
қашан жылы? көктемде және күзде
Жаздыгүн шілде болғанда, Көкорай шалғын, бәйшешек, Ұзарып өсіп толғанда; Күркіреп жатқан өзенге, Көшіп ауыл қонғанда; Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны қылтылдап, Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып, ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап, Кұйрығымен шылпылдап, Арасында кұлын-тай Айнала шауып бұлтылдап. Жоғары-төмен үйрек, қаз Ұшып тұрса сымпылдап. Қыз-келіншек үй тігер, Бұрала басып былқылдап, Ақ білегін сыбанып, Әзілдесіп сыңқылдап. Мал ішінен айналып, Көңілі жақсы жайланып, Бай да келер ауылға, Аяңшылы жылпылдап; Сабадан қымыз құйдырып, Ортасына қойдырып, Жасы үлкендер бір бөлек Кеңесіп, күліп сылқылдап. Жалшы алдаған жас бала, Жағалайды шешесін Ет әпер деп қыңқылдап. Көлеңке қылып басына, Кілем төсеп астына, Салтанатты байлардың Самаурыны бұрқылдап. Білімділер сөз айтса, Бәйгі атындай аңқылдап, Өзгелер басын изейді, Әрине деп мақұлдап. Ақ көйлекті, таяқты Ақсақал шығар бір шеттен Малыңды әрі қайтар деп, Малшыларға қаңқылдап. Бай байғұсым десін деп, Шакырып қымыз берсін деп, Жарамсақсып, жалпылдап. Шапандарын белсенген, Асау мініп теңселген Жылқышылар кеп тұрса, Таңертеңнен салпылдап. Мылтық атқан, құс салған Жас бозбала бір бөлек Су жағалап қутыңдап. Қайырып салған көк құсы Көтеріле бергенде, Қаз сыпырса жарқылдап. Өткен күннің бәрі ұмыт, Қолдан келер қайрат жок, Бағанағы байғұс шал Ауылда тұрып күледі, Қошемет қылып қарқылдап.