Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат - адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» - деп бекер айтпаған. Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.
Жақында елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» даму бағдарламасында көрсетілгендей салауатты өмір салтын сақтау мақсатында, ҚАУ жанындағы мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы мектеп директоры Қадырова Қаламқас Қылышқызының басшылығымен, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, Фабричный елді мекеніне жақын жерге орналасқан демалыс орнында саяхат сабақ ретінде «Денсаулық күнін» өткізді. «Тәні саудың – жаны сау», «Шынықсаң, шымыр боласың» деп айтылғандай, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Веселая Лариса Анатольевнаның жетекшілігімен оқушылар арасында әртүрлі спорттық шаралар ұйымдастырылып, эстафеталық сайыс ойындары ойналды.
Бұдан мектеп оқушылары таза ауада демалып, табиғат әсемдігінен талғамдық ләззат алды. Сөзімнің соңында, мектеп ұстаздарына оқушылар атынан алғысымды білдіре отырып, осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілек айтқым келеды.
Бүгін сәрсенбі.Бірінші сабақ әдеттегідей қазақ тілі болды.Біз үй тапсырмасын айтып беріп, жаңа тақырып өттік.Бір сәтте 9 "б" сынып оқушыларының көзі далада болды.Далада тамаша көрініс орын алды: қар моншақтап жауып тұрды.
-Шіркін...-дедім мен.
Сол кезде Диляра Ербулатовна алартып қарады.Бір кезде ол далаға қарап тұрып қалғандай болды.Сосын барлығының ойына далаға шығып кету туралы ой келді.Біз ақырын ғана курткаларымызды алып далаға жүгіріп шықтық.Бақытымызда шек болған жоқ.Біз балаларша қар атысып ойнадық.Ең сонында естелік фотоға түстік.Содан кейін қоңырау соғылды
Катонқарағай ауданы емдік-сауықтыру туризмін дамыту үшін үлкен мүмкіндіктері бар, онда термальды радон көздері негізінде «Рахман қайнарлары» бальнеологиялық шипажай жұмыс істейді (1964 жылдан бастап жұмыс істейді), онда емдік процедуралардың кең спектрі ұсынылған.
Шипажай Катонқарағай мемлекеттік ұлттық саябағы аумағында орналасқан.
Шипажайдың құндылығы – минералды радон көздерінде.
Шипажай жыл бойы істейді, бір жылда орташа алғанда 2-2,5 мың адамды қабылдайды.
2013 жылы келушілер саны 2012 жылмен салыстырғанда 1,3 есе (2012 жылы 2128 адам, 2013 жылы – 2690 адам).
Шипажайдың сыйымдылығы - 80 орын, профилі - бальнеотерапевтік.
Негізгі проблема жетудің қиындығы, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін инфрақұрылымның болмауы, тұрғын үй мен тамақтандырудың төмен сапасы, қызмет көрсету сапасы мен деңгейінің сәйкессіздігі.
Емдік-сауықтыру туризмінің екінші маңызды бағыты пантымен емдеу болып табылады. Бұл бағыт перспективада Шығыс Қазақстан туризмінің халықаралық мамандануын анықтай алады, себебі ел ішінде басқа жерде мұндай қызметтер көрсетілмейді, ал пантымен емдеу үшін аздаған елдердің ғана жеткілікті ресурсы бар.
Емдеудің бұл түрі дамып келеді және Шығыс Қазақстандағы емдік-сауықтыру туризмін одан әрі дамыту үшін үлкен әлеуеті бар.
Туризмнің бұл түрін негізгі және ең ірі ұсынушы Катонқарағай ауданы болып табылады. Мұнда 6 емдік-сауықтыру кешені бар, үшеуінде жыл бойы қызмет көрсетіледі. Пантымен емдеу қызметтерін көрсететін туристік нысандардың жиынтық сыйымдылығы 200 төсек-орын.
Пантымен емдеу маусымнан тамызға дейін жүзеге асырылады, келушілердің ең көбі шілде айына келеді. Осы кезеңде шипажай шамамен 400-500 адамды қабылдайды.
Бұдан басқа, пантымен емдеу Күршім, Жарма, Зайсан, Зырян аудандарында жүзеге асырылады.
Жалпы облыста 14 пантымен емдеу орны бар, соның ішінде 290 орындық жыл бойғы, жыл сайын бұл емдеу орындары 5,5 мың адамнан аса қабылдай алады.
Алтын аяқты, Алтын десем - азығы жоқ, Ол жоқ болса - алуы жоқ. Дүние толған адамның Баршасы да теп-тегіс, Біріне бірі қарауы жоқ.
Астық пен аштык
Бек тұрған, Белін буып, Тек тұрған.
Бау бидай
Құдая, құдіретіңнің панасынан, Таңым бар мен құдайдың бар күшіне, Анасы туады екен баласынан.
Кауын
Тілепалганзұлымдық еркімен кетпейді