Интернеттен қарап қандай өсімдік зиян екінін қарайсын сосын оған таянбайсын
Бұл суретте ерте заман салынып тұр. Ерте заманның адамдары атқа отырып жарысқа кетіп жатыр. Олардың қолында қару бар. Адамдардың ұстынде қару - жарақ бар. Олар таудың ұстынде түр.
Туған ауылым
Менің ауылымның табиғаты көркем, тамаша, керемет!
<span>Мен ауылым туралы айтып жырлығым да, әндеткім де келеді. Мен - Қуанышбек Құндыз, 2 - класс оқушысымын. Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Комсомол селосында дүниеге келдім. Кішкентай кезімнен осы ауылымның таза ауасымен, хош иісі аңқыған гүлдердің иісімен, ауылымның ыстық түтінімен демалып келемін. Әр адамның өз ортасы, өз ауылы ыстық қой?! Менің ауылымда көптеген ғимараттар, мәдениет үйі, мешіт, мұражай, балабақшалар, супермаркеттер, теміржол вокзалы, тіптен саябақта бар. Қалаға автобустар қатынайды. Кейде бос уақытымда саябаққа барып, кітапханадан алған кітаптарымды оқып отырамын. Үйде отырғанымда пойыздың пышпа - пышпа деген дауысы да естіледі. Ауылымның адамдары пойызбен Астана., Қостанай қалаларына барады. Вокзолымыз әдемі салынған. Ауыл мағында Ырғыз өзені ағып жатыр. Жаз кезінде жазғы демалыс алдында апайымыз Жадыра Файзоллакызымен саяхаттап табиғатқа шығамыз. Түрлі ойындар ойнап, табиғатты бірге тамашалаймыз. Өзеннен шоршып секіріп жүрген балықтарды көріп қуанамыз. Менің ауылымда достарым да көп. Олармен татумын. Ауылымның кешкі таьиғаты мүлдем өзгеше. Алыстан шаңдарын көтеріп малдар өрістен келеді. Барлығы төлдеріне сүттерін толтырып ала келеді. Бұл көріністі анамыздың бізге дүкеннен тәттілерді әкелгеніне ұқсайды. Өзге ауылға қыдырып бара қалсам, туған аылымды сағынамын. Тез елге қайтқанша асығамын. "Туған дердей жер болмас, Туған елдей ел болмас."- деп, аталарымыз бекер айтпаған екен ғой. Сондықтан достар, мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Өскенде өз ауылымның көркеюіне өз үлесімді қосамын. "Ауылымның гүлденгені - Қазақ елінің гүлденгені "- деп ойлаймын.</span>
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
Перевод красивые варежки - Адеми колгаптар