Менің туған жерім- егеменді Қазақстан
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Толымды:
-Балам, сен қайдан келдің?
-Мен Астанадан келдім.
Толымсыз:
-Балам, қайдан келдің?
-Астанадан.
Нақты жазып жіберіңізші анықтап.
Салем анашым! Қалың қалай? Ауырып жүрген жоқсыңба? Жұмысың қиындап кеткен жоқпа? Сені, отбасымды қатты сағындым! Сендерге жетуге асықпын! Менің халім жақсы. Оқуымды жақсы оқып жүрмін. Бүгін 5 алдым.
Сенің күлімдеген бет жүзіңді, жылы құшағыңды, аяулы алақаныңды сағындым. Анадан жырақта жүргенде ғана қаншалықты керемет адам екенін түсінеді екенсің. Сені тәп-тәтті тамығыңды сағындым. Асхананың салқын жылымаған тамағынан жалықтым. Айтпақшы өзің тоқып жіберген жемпірді алдым. Маған дәл келді. Күнде тастамай киіп жүрмін. Сенің жылулығыңды сездіретін мендегі жалғыз ғана зат сол. Сені қатты сағындым...