Біздер қазақ тілі сабағында етістік туралы өттік
Бірде хан өзінің сүйікті өзеніне аңшылыққа барыпты. Хан ол жерде қамыстың өспейтініне таң қалып, Жиреншеден бұның себебін сұрайды.
Жиренше: "бұл жерде жауын аз жауады, сондықтан қамыс өспейді", деп жауап береді.
Жаңбырдың бұл жерде еш қатысы жоқ деді хан. Қамыс суды масағынан емес тамырынан ішпейді ме?
Сонда Жиренше егер аспаннан жанбыр жауса, онда су сабағы арқылы тамырына барады да, өсімдік жапырақтары жайқалып өседі деді.
Хан Жиреншенің бұл жауабымен келіспей, ары қарай жүріп кетеді.
Жолда олар көлшікті байқап, аттарын суарады. Ал Жиренше атын мықтап ұстап, су бермей тұрады. Хан Жиеншенің атының су ішкісі келіп тұрған байқап, атқа су беруін бұйырады.
Тақсыр дейді Жиренше
Сіз жана ғана төбеден су ішпейді, тек жерден ғана ішуге болады демеппедіңіз?!
Неполное
Ала қанат қар — бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай жерге ала түскен қар.
Анжыр — қардың еріп қатуы. Қарғынға аралас қатқан қарлы мұз.
Боз қырау — күзгі күні тоңазудан болатын шық.
Жапалақ қар — ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.
Жылбысқа қар — ери жауған қар.
Көбік қар — жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көпіршіген жұмсақ қар.
Күпсек қар — қалың жауған ұлпа қар.
Күртік қар — беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.
Қасат қар — ұзақ жатқан қалың қар.
Қиыршық қар — жентектелген түйіршік қар.
Қылау — ауадағы су буынан немесе салқын тұман тамшыларынан түрлі зат бетіне, ағаш бұтақтарына қонатын мұз қабаты.
Қырау — суық күзде тоңазыған дымқыл ауанып бір нәрсеге қар тәрізді ағарып қонған түрі.
Қырбық қар — жұқа жауған қар.
Мұздақ қар — үстін мұз торлаған, көкшіл түсгі, беті жылтыр сырғанақ қар.
Омбы қар — ат бауырлайтын қалың қар.
Сонар қар — алғаш жауған қалың қар.
Сүрі қар — ерте түсіп ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп беті күлгін тартқан нығыз қар.
Сіреу қар — ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу қатты қалың қар.
Ұлпа қар — түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпек
қар.
Үйме қар — боранды жел сырғытып, бір жерге тау-төбе үйілген қар.
Үрме қар — жел үрлеп, жиынтықтаған тығыз қар.
Жеті,үш және жиырма бір. <span><em>Жеті ата. </em>Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты-жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. "Жеті атасын білмеген жетесіз" деген аталы сөзді өзіңіз де білетін боларсыз.
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.</span><span>Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
<em>Жеті жоқ</em>. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. </span><span><em>Жеті қазына</em>. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық. </span>
Қазақ халқында «Қыз – елдің көркі, гүл — жердің көркі» деген мақал бар. Мақалдың мәні қыз баланың нәзіктігін, сүйкімділігін, салтқа беріктігін білдіреді, қыз баланың тәрбиелі, әдепті болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының әсері мол.