Менің анамның әшекей бұйымдары көп. Абай жүрекжарды өлеңдер шығарады. Әжемнің туған күніне ыдыс аяқ жиынтығын сыйға тарттық. Әпкемнің хош иісті иісмайы көп.мен 8 наурызға әдемі гүл сыйладым
Одан əрі отыра берсе жағдайы қиын болады.Ол неліктен менен бұрын келді? Былтырдан бері ол мүлде басқа.
Гульфайруз Исмаилова (1929)
1944- Алматылық көркем дік училищесінде оқыған
Осы қазақта аты шыққан суретші қыздар аз неге екенін. Әнші бар, биші бар, күйші бар, әртіс бар. Ал суретші қыздар өте аз. Мысалы мен қазақтың суретші қыздарын аташы десе, осы Гүлфайруз Исмиловадан басқа ешкімді де айта алмаймын. Әбілхан Қастеев кезінде Гүлфайрузға қазақта әнші қыздар бар ал сен суретші бол дегенде бір нәрсені біліп айтқан екен ғой. Бір таланттың шығатынын сезген ғой. Осы Гүлфайруз апамыздың жолын қуып, әлемге Қазақстанның атын шығарып жүрген қыздар неге жоққазір? Қашан туар екен, Ғасырда бір туар деп осыны айтатын шығар.
Басты еңбектері:«Ақбопе» (ТЮЗ, 1957), , опера «Ер-Тарғын» (1967), балет «Қозы-Көрпеш - Баян-Сұлу» (1971-1972), опера «Жұмбак Қыз» (1972), опера «Чио-Чио-Сан» (1972-1973), опера «Алпамыс» (1973, 1979), опера «Аида» (1978) және т.б.
ҰмбақтарЖаңылтпашӘзілМақала енгізІздеуПікір қалдыр
Негізгі бетМазмұны - Ертегілер - Ойын паркі - Оқиғалар - Энциклопедия - Қызықты мәліметтер - Денсаулық - Тарихтан Тағылым - Жануарлар әлемі - Мақалалар - Мультфильмдер - Өлеңдер - ҚолөнерЖурнал - Журналға жазылу - Журналға сурет жүктеу - Журналды онлайн көру - Галерея - БайланысЖарнама
Негізгі бетТарихтан тағылымОрхон-Енисей жазбалары
Принтерге шығару
Орхон-Енисей жазбалары
Орхон-Енисей жазбалары – Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдениетімен тарихы тұрғысынан баға жетпес құнды дүние. VII-VIII ғасырларда жазылған, Орхон және Енисей өзен бойларында табылған. Енисей жазбаларының жалпы саны – 85 айналасында. Олардың ішінде кіші-гірім жазбалармен қатар ірі мәтіндер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады. Түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі - 732 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер. Орхон жазбаларында Түрік қағанаты дәуіріндегі елдің білім, дүние танымы, түркі халықтарының тарихы мен тағдыры, қарым-қатынастары, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным-сенімі тәуелсіздік аңсары, осы жолдағы атқарған қызметтері жазылған. Жырларының негізіне түрік руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау идеясы алынған. Орхон жазуының мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Биіктігі -3,5 метр, төменгі ені -1,32 метр, жоғарғы жағының ені –1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы, қалған қабырғасы бірдей көне түркі жазумен толған. Жырлары түркі ұлтының тарихымен Күлтегіннің батырлығын бейнелейді. Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Ескерткіштің моделінің 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас ғимаратына орналастыруы Қазақ халқының арғы аталары Көне Түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі.