Қара жорға - қазақ ұлттық би түрі.
Қара жорға – бiртұтас желiге құрылған, бiрнеше бөлiмнен тұратын, берiк композициялы, нағыз буын биi. Қара жорға – қазақы тұрмыстың, ұлттық болмыстың төл туындысы. Атап айтқанда, қазақ бұл бидi шаруадан қолы босаған кездерiнде тамашалайтын болған. Ол үшiн бiр қарулы мығым жiгiттi ортаға қара жорға ретiнде шығарып, атқа ұқсатып төрт аяқтатып тұрғызып қоятын. Сонан кейiн бидi жақсы билей алатын бiр бозбаланы ортаға шығарып, қол соғатын. Домбырашы дәстүрлi “Қара жорға” би әуенiн тарта бастағанда бишi атқа, яки қара жорғаға билей жүрiп жақындап, алдымен аттың кекiлiн, құлағын, жалын сипап барып ноқта, сонан соң жүген салу рәсiмiн жасайды. Бұдан кейiн арқасын, сауырын сипап жүрiп, атты ерттеуге кiрiседi. Мұның бәрi би арқылы орындалады. Iшпек, тоқым-ер салып, құйысқандауға келгенде ат үркiп, теппек болып мiнез көрсетедi. Ат ерттелiп болғаннан кейiн, бишi жiгiт атты айнала көпшiлiктiң алдында буын биiнiң небiр нәзiк қимылдарын жасап, өнерiн көрсетуге барын салады. Осыдан кейiн бидiң ең шарықтау шегiне, әсем де, қызғылықты сатысына куә боласыз. Бишiмiз ерттеулi аттың төрт аяғын тағалау жосынын жасап, неше түрлi қимыл-әрекетке толы би ырғағына басады да, “Қара жорғасына” қарғып мiнiп, атүстi қозғалысының ең күрделi де әсем қимылын көрсете бастайды. Аттың қолтығына аяқтарын өткiзiп алып, шалқайып, еңкейiп, оңға-солға аунай аттың бауырына түсе билеп, жұртты қыран-топан күлкi қызығына батырады. Егер қонақтар арасында жас бишiлер болса, олар да биге қосылып, ойын көрiгiн қыздыра түседi.
Iрi-кандай
бейнеленген-кайткен
жоғары жагында- кай жагында
тауелсiздiгi,шектеседi, окiлдерi,рамiздерi. галам. шекара. ондiру елтанбасы узындыгы. онтустiк шугылалы . егемендiгi
«Астана Опера» – тікелей Елбасының бастамасымен бой көтерген театр. Оның құрылысы барысын да ҚР Президенті Н.Назарбаев жеке бақылауында ұстады. Дәл осы алып театр сахнасынан 2012 жылы 14 желтоқсанда жариялаған «Қазақстан – 2050» стратегиясында Мемлекет басшысы: «біз рухани мәселелер экономикалық және материалдық тәртіптегі мәселелерден кем емес мәнге ие болатын мемлекеттік даму кезеңіне аяқ бастық» деп атап көрсеткен болатын. Театр шымылдығын тұңғыш түру құрметі Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» спектакліне берілді. Биылғы жылы қазақтың осы ұлы композиторының туғанына 100 жыл толады. «Астана Опера» директоры Төлеген Мұхамеджанов қазақтың мәдени мұрасына айналған осы тамаша операмен ашылуы театр үшін айрықша құрмет екендігін нықтады. «Астана Операның» бас сахнасының көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метрді құрайды. Ал, «Ослодағы опералық театрдың үлкен сахнасының ені небары 16 метр, ал тереңдігі 40 метр» дейді Мұхтар Абрарұлы. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп, қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналауға мүмкіндігі мол.
Сахна астында, 12 метр тереңдікте «төменгі деңгей», яғни автоматты басқару жүйесі бар машинарий залы орналасқан. «Осының барлығы «Астана Опера» сахнасын әлемдегі ең бір техникалық жарақтандырылған сахналардың қатарына қосады» дейді Мәдениет және ақпарат министрі. Оркестр шұңқыры үш тұғырнамада тұрады. Олар әртүрлі деңгейлерде жайластырылған және 120 музыканттың орын тебуіне есептеліпті.
«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, баспасөз залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.
2011 жылдың 30 қаңтар мен 6 ақпан күндері - азиада ойындары өткізілді.
Азия ойындарында алғаш рет - алау эстафетасы ұйымдастырылды.
Ашылу салтанатына арналған бағдарламаға - кәсіби әртістер қатысты.
Бүкіл әлемге - отанымызды танытты.
Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1864 жылы Жамбыл облысындағы Ақтөбе ауылында дүниеге келді.Қазір Ақтөбе ауылы Балуан Шолақ ауылы деп аталады.Балуан Шолақтың шын аты-Нұрсағамбет.Ол бала кезінен өнердің алуан түріне бейім болып өседі.Жастайынан жауырыны жерге тиеген балуан аталады.Балуан Шолақ 1919 жылы аз ғана уақыт ауырып,55 жасында қайтыс болады.