Би- үлкен өнер. Бұл кез келген адамның қолынан келе бермейді. Биші болу үшін талант керек. Бидің түрі көп. Сол сияқты талантты бишілер де жеткілікті. Асел бишілерге қатты қызығады, кішкене күнінен биге қатысады. Қазір би өнерін әжептеуір меңгеріп қалды.
Апорт — алманың ірі, әрі құнды түрі. Салқындау, бірақ ұзақ емес қысы бар, ал жазы жылы немесе ыстық болатын оңтүстіктіктің орта белдеуінде (Солтүстік Кавказ, Іле Алатауы) кең тараған. Апорттың қабығы тығыз, сары немесе жасыл-сары қызыл-қоңыр мөрімен болады; ішкі жағы (еті) сусымалылығымен, нәзік дәмімен ерекшеленеді. Апорт — кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. Ең танымал апорт бақтары Алматы сыртында орналасқан (мысалы, Бесқайнар ауылдық аймағы). КСРО кезінде Алматы қаласының рәмізіне де айналған.
Бүгінгі күні апорт нарықтан жоғалған, себебі апорт өсірілген жерлер жекешендіріліп алма ағаш орнын басқа нысандар ауыстырған (құрылыс т.б.), сонымен қатар ағаштар ескіріп жаңа алма-ағаш отырғызылмайды, Алматы облысының әлсіз газдандырылғанын еске алсақ, жергілікті тұрғындар да оны кесіп қыстан аман шығатыны сөзсіз. 70-жылдарғы санақ бойынша, Қазақстанда 3851193 түп апорт ағашы болса, оның 80 пайызын құрайтын 3036346 түп Алматыда өсiрiлген екен. Бұдан кейiнгi санақтар көңiлге кiрбiң ұялатады. Мәселен, 1984 жылы Қазақстанда 1965795 түп апорт алма болып, Алматыда оның 1418988-i өсiрiлiптi. Ал бұдан соңғы мәлiметтер тiптi майдаланып кеткен1865 жылы Воронежск губерниясының тұрғыны Е. Редько апорт алма ағашын Верный округінде (Болашақтағы- Алматы) өсірген. Оны Сиверс алмасымен будандастырғаннан кейін ол өте атақты болды. 1914 жылы бақ шаруашылығының бас инспекторы С. Перковский былай деген екен; "Верный қаласының көркі ретінде апорт алмасы мен орман сұлуының алмұрты атты жемістерді қабыл алуға болады. Редько өз Отанынан апорт алмасын әкеліп, Верныйдың қолайлы жері арқылы әлемге танылды. Ол басында апорт алмасын бақшасында, тек сосын ғана Колпаков атты генералдың бұйрығымен қалаға апорт алмасының ағаштарын еккен. Редьконың апорты арқылы Верный жемісті қала атағына ие болды."
ХХ ғасырдың басында апорт Ресейдің орталығында танымал болды. Орталықтың жірмеңкелері мен базарларында өте атақты болды. 1900 жылы Парижда апорт Верный уездінің үздік туындысы ретінде қарастырылып, үздік орынға йе болған. 1908 жылы Германияда <span>өткен Мангейм көрмесінде мамандардың үздік бағасына қол жетті.</span>.
Ақын ініме-Мұқағали Мақатаев
Екі шыбын- Ахмет Байтұрсынұлы
Бұдан былай Балнұр бақшаға бармайтын болды
Жетпісбай жездемнің жайлауда жеті жүз жетпіс жеті жылқысы жайылып жүр
Антоним (гр. antі — қарсы,onoma — ат, атау) — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер.Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық),[1] сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу), т. б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұпқұрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап,стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, «Көз — қорқақ, қол — батыр», «Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ». Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды.[2]