Шаңқобыз — темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап. Шаңқобыз басқа атаулармен көптеген халықтарда кездеседі. Дауылпаз – қазақтың ұрып ой-налатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Сазсырнай — үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап.
Адам көңілден азады, тілден жазады.* * *Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.* * *Адам көңілінен азады,
Тілінен жазады.* * *Айтпас жерде тілің тарт.* * *Ана тілі – бәріміздің анамыз,
Өйткені ол – ұлтымыздың анасы.* * *Ана тілің алпыс тілге татиды.* * *Ақынның тілі қылыштан өткір.* * *Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.* * *
Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.* * *Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.* * *Ашынған тілді болар,
Ашыққан ұры болар.* * *Ауызда жиек жоқ,
Тілде тиек жоқ.* * *Әдеп басы – тіл.* * *Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.* * *Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.* * *Бал тамған тілден у да тамар.* * *Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле.* * *Басқа пәле – тілден.* * *Жаман көлдің суы ащы, жаман қатынның тілі ащы.* * *Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа,
Ең алдымен өз тіліңді дұрыста.* * *Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.* * *
Менің әжем бар. Ол өте мейірімді жан. Мен кішкентай күнімнен әжемнің бауырында өстім. Ол мені адалдыққа, білімге құштар болуға үйретті. Әжем қазақ ауыз әдебиетінен көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Сол білгендерін маған күнде ұйықтар алдында айтып береді. Әжем менің күнде сабағымды тексереді. Сабақтан жақсы баға алсам, әжем қатты қуанады. Мені құлыншағым ботақаным деп еркелетеді. Әжем әрдайым менің тәрбиеме де үлес қосып келеді. Ол менің ибалы да, иманды қыз болып өсуімді қалайды. Мен әжемнің менің жақсылығымды көріп, қызығыма тоймай, ұзақ өмір сүре берсін деп тілеймін!
Мамандық: дәрігер, сатушы, ұстаз, аспазшы, құрылысшы
Енді біздің əңгіме-біздің иіліміз туралы.Негізінен тіл дегеніміз-үлкен мəсее.Жеке сөздерде не тұр? демекші селқостық бізде болмауы тиіс.Иіл өзінің жұмысын мінсіз атқарып, тұрғаны жақсы.Біздің тазалығымыз -ол тіл