13 жас-жақсы мен жамандықты, ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезең. Қазақ халқы жас жеткіншектердің тәрбиесіне көп көңіл бөлген, олардың бойына мейірімдік, қайырымдылық, әдептілік, сыпайылық сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білген. Міне осындай қасиет сендердің бойларыңнан да табылса деймін.
Ал жиырма бес нағыз жігіттік жас деп есептеледі. Бұл кезде бойдағы күш-қуат кемеліне келеді. Тасыған күш-қайратты қайда жұмсарын білмей жалындап тұратын кез.
Отыз жеті жас — өмірдің жақсы-жаманын, оң-солын танып, ақыл тоқтатып, қырыққа жақындаған кез.
Қырық тоғыз жас-бойдағы күш қайта бастағанымен кәрілікті мойындамаған, ақыл-ойы нағыз кемеліне келген нағыз ердің жасы.
Алпыс бір жас – даналығы артып, өткеніне сын көзбен қарайтын, тәубеге келетін кез.
Жетпіс үш жас. Бұл мүшелдегі кәрілікті мойындап, бойы еңкіш тартады, аяғы тұсалып, жүріп-тұруы қиындайды
Келесі мүшел жас – 85 жас. Бұл тіпті қызық. Бұл жаста адам жүріп-тұрудан, ұйқыдан қалады. Бала сияқты өкпелегіш болып, күйбең тірлікке түседі.
<span>Тоқсан жеті жас. Бұл мүшелге жеткен адамдардың кейбірі алжып, жас баладай жаутаңдап, қауқарсыз болып қалады.</span>