Бесік тойы – нәрестені алғаш бесікке бөлеуге байланысты жасалатын ғұрыптық салтанат. Баланың кіндігі түсіп, кіндік жарасы жазылысымен бесікке салады. Бесік тойы, негізінен, тұңғыш балаға жасалынады. Одан кейінгі балаларға “бесікке салу” кәдесі ғана атқарылады. Бесіктің жасауын баланың нағашылары дайындайды және олар ана мен балаға киім-кешек әкеледі. Осы әкелінген дүние мен бесікті көрсету мақсатында ауылдың ұрпақ өсірген қадірменді әжелері, әйелдер шақырылады. Мал сойылады, бата беріледі. Тойдың соңына қарай жасы үлкен әже бесіктің жабдығын даярлап, шашуға әкелінген тәттіні, күмістеңгені түбек салатын тесік астына қолын тосқан әйелдерге үлестіреді де, бесікті отпен аластап, бесікке ыстық көсеумен кертпе түсіріп (көз тимес үшін) баланы бөлейді. Сонан соң бесіктің үстіне жеті не тоғыз нәрсе жабады. Әрбір жабылатын нәрсенің өзіндік мәні бар. Мысалы: көк шапан жабу – бала ержеткенде халықшыл болсын, дастарқан жабу — бай болсын, т.б. ырымды білдірген. Баланы бесікке салған әйелге көйлек кигізіп, қалғандарына білезік, сақина үлестіреді.
Автобус (француздың autos – өзі және латынша (omnі)bus, яғни баршаға арналған деген сөзінен шыққан) — жүргізушімен қоса есептегенде 9 және одан да көп адамды алып жүруге арналған, қорабы вагон түріндегі автомобиль. Алғашқы автобус 20 ғасырдың басында пайда болды.
Оксфордтағы екі қабатты автобусАвтобус қалалық, қала маңы, қалааралық, жергілікті, т.б. болып бөлінеді. Автобус сыйымдылығы мен ауқымына (негізінен ұзындығына) қарап: ең кіші (5 м), кіші (7,5 м), орта (8,5 м және 9,5 м), үлкен (11 м), өте үлкен (12 м) және жалғастырылмалы (16,5 м) автобус болып ажыратылады. Ұзындығы 7,5 м қалалық автобусқа 35 – 40, ал ұзындығы 12 м автобусқа 110 – 120 адам, сондай-ақ жалғастырылмалы автобусқа 160 адам сияды. Ең жоғары жылдамдық қалалық автобус үшін сағатына 70 км, қала маңы және жергілікті автобус үшін сағатына 80 км, қалааралық автобус үшін сағатына 100 км болып белгіленген. Кейбір елдерде 1,5 және 2 қабатты автобустар пайдаланылады. Автобус – негізгі қала көлігі. Мысалы, ұзындығы 1500 км-ден асатын Алматы қаласы көшелерінде күн сайын 120 маршрут бойынша 800-ден аса автобус қатынайды
Наурыз мерекесін қалай тойлайсыздар?
Сіз бұл мерекені қалай түсінесіз?