Өзімшіл адам өзі туралы ойлайды. Ал көпшіл адам достарын ойлайды.
Әлеуметтік желілердің зияны:
Көп уақытын шығындау. Әлеуметтік желілерде сағаттап отырамынымыз өтірік емес. Алайда бұл уақытыт пайдалы әрі тиімді өткізуімізге де болар еді. Бос әңгіме, жеңіл әзіл-қалжыңдармен уақыт өлтіргеннен гөрі, білім алу, тіл меңгеру - әлдеқайда пайдалы.Шынайы өмірден алыстау. Әлеуметтік желілерде біздің мінез-құлқымыз, өзімізді ұстауымыз шынайы өмірге қарағанда өзгерек. Нәтижесінде шынайы өмірден алшақтап, қиялыңыздағы виртуалды кейіпкеріңізге әбден беріліп кетуіңіз мүмкін. Жеке тұлғаның азуы. Егер әлеуметтік желілерге көп уақытын жұмсайтын адамдардың сөзіне, пікіріне назар салсақ, олардан мағынасыздықтың лебі еседі. Тіпті, бірқатарының сөздері көпшілікке түсініксіз. Әлеуметтік желілер - алаяқтар мен арам пиғылды адамдардың алаңы. Өкінішке орай, көпшілігіміз әлеуметтік желіге өзіміз жайлы басы артық мәлімет берудің артынан болар зардабын біле бермейміз. Көбіне онда толық аты-жөнімізді, мекен-жайымызды, телефон нөміріміз бен жұмыс орнымызды жазып жатамыз. Мысалы, бүгін әлеуметтік желіде достарыңызбен ноутбук немесе қымбат тон сатып алғаныңыз жайлы мәліметпен бөлістіңіз делік. Біраз уақыттан соң өзге қалаға не мемлекетке саяхаттап бара жатқаныңыз жайлы жаздыңыз. Дәл осы уақытта сіздің жоқтығыңызды пайдаланған аласқатр, ұлылар тоныңыз бен ноутбугыңызбен қатар, одан бөлек құнды дүниелеріңізді тонап кетуі мүмкін
Әрине, егер шегін біліп қолдансаң., әлеуметтік желінің зияны жоқ деуге болады. Әлеуметтік желіге күніне 1 сағат уақытыңызды ғана бөлгеніңіз жөн.
Флаг (Ту) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы-Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі.Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме.Оның ортасында арайлы күн,күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген.Ағаш сабына бекітілген тұста-ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген.Күн,арай,қыран және ою-өрнек - алтын түсті.Тудың ені ұзындығының жартысына тең.Тудың авторы-суретші Шәкен Ниязбеков.
ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз – Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов. Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге деген шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен жан – дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері Әнұранның орындалуымен ашылады. Герб (Елтаңба) Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.Түндік — таза көк аспанын бейнелейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi.Төменде таспа белдігінде ірі әріппен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар.Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының көшiрме бейнесi, көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы эталонының түрлi-түстi немесе ақ-қара бейнесiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс.Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов.
Найман-Ана
Шыңғыс Төреқұлұлы Айтыматов - Қырғызыстанның халық жазушысы,коғам қайраткері.Оның қаламынан әдебиетімізден ойып тұрып орын алар шығармалар туды.Солардың бірі - "Боранды бекет" романы.Ал көптің жанына қаяу салар Найман-Ана туралы аңыз - соның бір үзіндісі. Бұл аңызда Дөненбайдың ұлы Жоламан мәңгүртке айналады.Ал Найман Ана өз ұлын тауып өз үйіне қайтармақшы болады.Дегенмен Жоламан анасын танымағандықтан өз еліне бармай, қожайындарының жалған сөзіне сеніп өз анасын өз қолымен өлтіреді.Найман-Ана - бар аналардың смиволы,қайсар жан.
Оқиға желісі Сарыөзек деген жердегі Ана-Бейіт деген мазардың тарихынан басталады.Сол Сарыөзекті басып алған жуан-жуандар қол астындағыларды адам төзгісіз азапқа салады екен.Менің сөзіме романның: «..Ал енді жуан-жуандардың қолында құлдықта қалған тұтқындардың күнін құдай көрсетпесін. Жуан-жуандар ондай құрбан құлдардың басына кепеш кигізіп, айуан азаппен ақыл-есінен айырады екен,»-деген үзіндісі дәлел бола алады.Найман Ананың жалғыз баласы осы азапқа душар болған еді.Бірақ үмітін үзбеген ана жас мәңгүрт деген менің жалғызым ба деп іздеуге шығады.Аңыздың: «Е, құдая, сол бейшара мәңгүрт басқа біреу емес, тек менің ұлым болса екен деп зарыға, зарлана тіледі. Мәңгүрт тұрмақ, тағы бір бәле болып кетсе де, тек менің ұлым болса екен...»-деп ананың бар жанымен тілеуінен оның баласының қандай болса да жанында қалуға ,қиыншылықтардан қорықпайтын батыл жан екендігін көреміз.
Әрине,баласының мәңгүрт болса да тірі екендігіне көзі жеткен ана оны елге қайтаруға тырысады.Алайда онысынан түк те шықпайды.Баласын иландырудың бар тәсілін қолданған Найман-Ананы Жоламанның өз қолымен атуы көзге жас әкелмей қоймайды.Оны шығарманың: «...Құлап түсерден бұрын басындағы ақ жаулығы ұшып кетті де, лезде құсқа айналаға, аспанды шарқ ұра шырылдап: "Ойланшы, кімнің баласысың? Атың кім? Атың кім? Сенің әкең Дөненбай! Дөненбай!.." - деп зар қақсады,»-деген үзіндісін оқып-ақ көзімізді жеткізіп,ауыр мұңға бет аламыз.
Қорытындылай келе айтарым,бұл шығармадан біз ананың жан айқайымен қатар өткен тарихты да біле аламыз.Туындыны оқыған адамның санасында мен жүрегінде үлкен орын қалатыны анық.Әлбетте,қазіргі таңда мұндай зұлымдықтар,әділетсіздіктер кездеспейтіні кімді де болсын қуантпай қоймайды.
Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы»,Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Қорқыт бабаның, Қожеке Назарұлының, Тоқа Шоңмаңұлының, Ықылас Дүкенұлының, Нұрғиса Тілендиевтің«Аққу» күйлері, Болат Аюхановтың «Аққу биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді. Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде аққуға байланысты даналық ұғымдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, теңеулер жиі кездеседі: «Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас», «Сүйріктей аққу мойын», «Аққудай ару», т.б. Аққудың қауырсыны әсемдік үшін пайдаланылады.