Отан туралыМұқағали Мақатаев<span>Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
</span><span>Отанды сүйгенің де күйік екен...</span>Мұқағали Мақатаев<span>Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға - сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз -
Нағыз сорлы панасыз?
Білесің бе,
Отанның сен не екенін?
(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)
Екі Отан жоқ.
Жалғыз Отан - мекенің!
</span>
1. 1) Кімнің ақыл ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына айрықша мән берген?
2)Баланың несінің дұрыс қалыптасуына айрықша көңіл бөлген?
3) Баланың ақыл-ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына қандай көңіл бөлген?
2.1)Кім өзіне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлері мен әртүлі дене жаттығуларымен айналысқан?
2)Халық кімге лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлері мен дене жаттығуларымен айналысқан?
3) Халық өзіне қандай деп санаған ұлттық спорт түрлері мен дене жаттығуларымен айналысқан?
Сұлу - әдемі, көркем,үріп ауызға салған дай
ана - шеше
Ұстаз - мұғалім, үйретуші
шаһар- жиһан
1)Елдің бейбітшілігі
2)Бейбітшілік құсы көгершін
4)Жұлдыз,канатты ат,шаңырақ,Казакстан
5)Ш.Калдаяков