Қазақ халқының дарынды перзенті Ыбырай Алтынсарин аса күрделі тарихи кезеңде, патша үкіметі Шығыс халықтары арасында қатаң отарлау саясатын жүргізіп жатқан кезеңде өмір сүрді. Қазақ халқының тарихында Ыбырай Алтынсарин ерекше роль атқарады. Ол қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ұйымдастырып, қазақ жастарына білімнің есігін ашты.
Ыбырай Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді.
Білімге деген құштарлық, халқына қалтқысыз қызмет ету Ыбырай Алтынсариннің негізгі ұстанымы болды. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұртын көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды, өзі сабақ беріп, жаңа талапка сай келетін мұғалімдер дайындауға күш салды. Қазіргі өркениетті қазақ халқы не бәрі 48 жасында өмірден өткен Ыбырай атамызды ұлы ұстаз, педагог, ғалым, ірі қоғам қайраткері деп бағалап құрмет тұтады.
Ыбырай Алтынсариннің жұмысы жастарды үш тілді игеруге, сауатты және жоғары білікті маман болуға шақыратын елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың үндеуімен үлеседі.
Ыбырай Алтынсарин — нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.
<span>Mitsubishi зерттеу институтының пайымдауынша, 2030 жылы Күншығыс елінде Роботтардың жұмыс істеуіне байланысты 2,4 миллион адам қызметінен қысқартылмақ. Яғни, болашақта адамның қол күшін жасанды интеллекті бар роботтар алмастыратын болады. Бұл – адамзат үшін үлкен сын-қатер. Оны тоқтату мүмкін бе? Бұл техникалар қаншалықты тиімді? Ең алдымен Сатоси Сирато институтының қызметкерінің сөзін назарларыңызға ұсынамыз: «Жасанды интеллекттің дамуына байланысты, өнімді секторлар ғана емес, жалпы жұмыс орындарындағы қысқартуларға әкеліп соғады. Соған байланысты бұл жүйені өндірер алдында жақсылап ойлануымыз қажет. Мәселен, жұмысынан айырылып қалғандар үшін аз-кем табыс әкелетіндей ғана шығаруға болады». Ол айтып отырған «Жасанды интеллект» туралы сіз не білесіз? Жасанды интеллект дегеніміз – адамның ойын, іс-әрекетін компьютерде бейнелейтін компьютерлік жүйе. Бұл сөзді алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде, Жон Маккарти есімді азамат қолданған көрінеді. Содан бері бұл саланы зерттеушілер мен оған қызығушылық танытушылар күн санап артып келеді. Жон мырзаның пайымдауынша, жасанды интеллект екі бағытта жүзеге асады. Біріншісі, адамның интеллектуалды әрекетін қарастырса (есептер мен теоремаларды шешу, т.б.); екіншісі адамның саналы іс-әрекетін қарастырады. Міне ғажап! Ендігәрі роботтар мен адамдар қатар қызмет етеді. Бұл – ғылыми жаңалық, расымен. Десе де, аталмыш мәселе – үлкен қауіптің басы болып тұр. Себебі, одан кейін халықта технологиялармен емес, адамдардың жұмыссыздығымен күрес басталмақ... Сарапшылардың пайымдауынша да, роботтандыру бірінші кезекте өнеркәсіп, қызмет көрсету мен сауда-саттық саласындағы 7,4 млн жұмыскерлеріне қолбайлау болмақ. Технологияларды (Әрине, бәрін емес. Адамзат үшін қауіп төндіретіндерін) жақында өткен «CES – 2017» секілді инновациялық көрмелер үшін ғана шығару керек секілді. Себебі, «жасанды интеллекті бар робот» бәрібір адам емес. «Жасанды»-ның тоғы сөнеді де қалады. Ойланайық.... </span>
Әлкей Марғұлан қола дәуірін зерреуге еңбегі сіңген ғалым
Білім беру, неміс театрі, этностік тіл