Наурыз көктем, наурыз жыр,
Ана мейрім, шуақ нұр.
Жан иесін жаңартқан,
Аққан бұлақ, нәзік сыр.
Наурыз әлем, наурыз құс,
Сұлу дала, сағым түз.
Самғай ұшқан қарылғаш,
Аққу қаздар мамық төс.
Наурыз дала, наурыз гүл,
Тентек сезім, үнсіз тіл.
Ақ қайыңның аясында айқасқан,
Балуан білек, қыпша бел.
Наурыз жауын, наурыз сән,
Әсем әуен, сазды ән.
Қыз бозбала қыдырған,
Жаcыл желек, көк аспан.
Наурыз самал, наурыз таң,
Қалың орман ұйқысынан оянған.
Сағынышпен қауыштырған жұптарды,
Жылдың басы, он екі айда тоғысқан.

Хат.
Сүйікті,ата,әже,қалайсыздар?Денсаулықтарыңыз жақсы ма?Менде бәрі керемет.Күнде сабақтан тек бестік бағалармен оралып жүрмін.Демалысқа шығып,ауылға келгенде сіздерге міндетті түрде күнделігімді көрсетемін.Сіздерді қатты сағынып жүрмін.Әже,сіздің сол бір шілдедегі ащы құртыңызды,аяулы алақаныңызды сағындым.Ата,ал сіздің өмірлік кеңестеріңіз бен арқамды сипап беретініңізді аңсаудамын.Мына жақта мен әкешім мен анама қолқабыс та болып жүрмін.Кішкентай Айсәуле де өсіп келе жатыр.Ал өздеріңіз сыйға тартқан Сұңқар құлын қалай?Ата,маған бірге ертоқым істейміз дегенсіз...Сөзіңізде тұрып,мені күтіңіз.Достарыма сіздер туралы мен мақтана айтамын.Олардың кейбіреулері тіпті ауылға бір рет те болсын барып көрмепті,білесіздер ме? Менің сіздердей жанашыр жандарым барына қуанамын!Аман жүріңіздер!
Сәлеммен немерелеріңіз – (сенің есімің/твоё имя).
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Қыстап қалатын құстар ;торғай, көгершін, сауысқан,қарға.Қыстап қалатын құстарға қыста азық табу қиын.Сондықтан олар ауыл маңайында ,адамға жақын жүреді Адамдар оларға жем береді.Суықтан құстарды қалың мамықтары сақтайды.Құстардың табиғатқа пайдасы зор.Олар ағаштарды зиянды құрттардан сақтайды.Сондықтан құстарға жем шашуды ұмытпау керек.Құстар біздің досымыз.