Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмтылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, мектеп бітіру туралы атестатты қолдарына ұстап, үлкен өмірге жолдама алды.
Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі.
Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. Көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: «Сөз күміс — ән алтын», «Ел көркі – қыз, той көркі — ән», немесе «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап:
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй – деген.
Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той – томалақ, түрлі ойын – сауық, отырыстардың көркі болды. Ақын — әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый – құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз — әңгімеге айналып, ауыздан – ауызға, ұрпақтан – ұрпаққа жетті.
Өз мазмұны бойынша, тұрмыстағы орнына сай қазақтың халық әндері бірнеше түрге бөлінед
Міне күзде келді. дала суыта бастады. ағаштардың жапырағы сарғаиып жерге түсуде. адамдар қалың киініп жатыр. күзде жаңбыр жауады дала лаи болады бірақ күздіңде жақсы жерлері бар . мен күзді жаксы корем
менің атым данил. мен 14 жастамын. казақстанда турамын. рудный қаласында дүниеге келдім. 4ші орта математикалық мектептің 8ші сыныбында оқимын. менің жақсы көретін пәнім математика, химия және физика
Мен диқаншы болсам
Егістік алқабында диқаншылар егін егеді. Егін егетін адамды - диқаншы деп атаймыз. Диқанның еңбегі - ауыр еңбек. Диқаншылар ерте көктемде жерді жыртып, бидайдың тұқымын себеді. Жаз бойы сепкен бидай тұқымын күтіп - баптайды. Құстардан, құрт - құмырсқалардан қорғап жүреді. Бидай алқабы суғарылмайды. Ол тек жаңбыр суымен өседі. Үлкен еңбек етудің арқасында сары алтындай сары бидай күзде пісіп жетіледі. Диқаншылар бірнеше гектарға созылған үлкен алқапқа дәнді дақыл, бидай, дән өсіреді. Күзде олар көп өнім жинап, өз еңбектерінің пайдасын көреді.Жаңбыр жақсы жауған жылдары молшылық болып, өнім көп болады.
Мен диқаншы болсам егін егіп, егіншілікпен айналасатын едім. Бұл ауыр еңбек болғанымен, бейнетіне қарай зейнеті.