Өткен жұмада ................. деген досым екеуміз хайуанаттар бағына саяхатқа барғанбыз. Ол жерде ине шаншыр орын жоқ екен. Досым екеуміз бір шетінен бастап аңдарды қарай бастадық. Алдымен бірінші торда қолдарына білезік таққан қос маймыл отыр екен. Жанымыздағы адамдардың айтуынша Африкадан әкелінсе керек. Әрі қарай жүре берегенімізде сусар мен тасбақаларды көрдік. Бұл тасбақалар әлдеқайда үлкендеу екен. Бүркіт, сұңқар, бірқазандарда темір тордың ішінен орын алыпты. Сөйтіп келе жатқан екеуміз бір қызыққа ұшырастық. Әдетте ерсілі-қарсылы ұшып жүретін қарлығашты бір жігіт бұлбұлдай сайраттырып отыр. Қазақ киелі санаған құстың жез таңдайлығына қайран қалдым. Иелерінің айтуынша алдағы уақытта піл мен көкқұтан әкелінбекші екен. Міне, біздің саяхатымыз осылай аяқталды.
Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.Фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. Ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. Фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. Оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі.
Ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. Көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. Халықтың: «Сөз күміс — ән алтын», «Ел көркі – қыз, той көркі — ән», немесе «Ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап:
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй – деген.
Ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. Ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той – томалақ, түрлі ойын – сауық, отырыстардың көркі болды. Ақын — әншілердің өнері халық арасында өте жоғары бағаланып, ақынның келген ауылы оған зор сый – құрмет көрсеткен. Олардың аты аңыз — әңгімеге айналып, ауыздан – ауызға, ұрпақтан – ұрпаққа жетті.
Өз мазмұны бойынша, тұрмыстағы орнына сай қазақтың халық әндері бірнеше түрге бөлінед
хобби ұнаған іспен айналысып , уақытты жағымбы өткізудеген мағынаны білдіреді . Ал менің сүйікті хоббим сурет салу . мен 4 жастан бастап сурет саламын . маған адамдар және табиғат салу ұнайды . жқәне маған ою өрнекпен киім безендіру ұнайды . ол үшін әуелі қағазға әртүрлі ою - өрнек жасап киімді безендіремін . ұнағанын тандап , киімге түсіремін .
<span>Қазіргі экология табиғаттағы адамның мінез – құлқының жалпы стратегиялық бағытын айқындауға жұмылдырып отыр. Экология деген сөз – тіршілік ету мекені , өмір сүрген орта туралы ғылым дегенді білдіреді. Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. Судың да сұрауы бар дейді халық . Осы мол судың есепсіз , мөлшерден тыс көп жұмсау , судың да азаюына әкеп соғады . Қазіргі жағдайда Арал – Балқаш аймағының экологиясы ауыр жағдайда . Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеліп қоректендіріп отырады . Тартылған су астынан су шығып , кеуіп ауаны ластауда . Табиғаттағы тамаша туындыларымыздың бірі – халық. </span>