Біреуге сенбек үшін талай жылдық уақыт қажет болады. Содан болар, кейбіреулер өмір бойы ешкімге сенім арта алмай өтеді. Егер біреу тек өзі жақтыртатын адамдарға ғана сенетін болса, онда оның мән-маңызы бол қоймайды. Егер біреу көрінгеннің бәріне сене салса, онда ол мүлде ақымақтың өзі болады. Егер біреу байыбына бармай тұрып жеңілтектікпен әлде кімге сенер болса, онда ол сол сенген адамының көзіне сүмелек болып көрінуі мүмкін. Егер біреуге біреу әлда қалай мұқтажы түсіп тұрғаны үшін ұшқарылықпен сенсе, онда анау одан екі айнымай ығыр болып, көзіне шыққан сүйелдей көрінуі мүмкін және одан оңай бет бұра салады. Егер біреу сенім артуға татырлық адамға бірден сануге батылдық ете алмай кешеуілдесе, онда ол адамдар ара жақындықтан, жылылықтан өмір бойы айырылып қалуы да ғажап емес.
Сенім – жанды түйсік. Сенім – бір түрлі сана. Сенім – адамдар ара қарым-қатынастың дәнекері. Өзің біреуге сенсең, оның да саған сенуіне болатындығына оның көзін жеткізуің керек. Сен де біреудің сеніміне ие болуға қақылысың.
<span>Әрбір адамның өзіне ыңғайлы,жарасымды киім кигені дұрыс. Жұмысқа таза,жеңіл өзінің тұлғаңа сай етіп киім кигеніміз абзал. Жұмысқа жеңіл жейде,етегі тізеден төмен юбка және киімімізге сай аяқ киім оған жарасымды аксесуаралар артық етпейді.Мен қыста қалың курте,басыма әшекейлеп тоқылған бас киім және шалғы байлаймын. Қыста тоңбау үшін куртенің ішінен жылы кофталар киіп,аяғыма былғары етік киемін.Жаз айларында ыстық тартпайтын ашық тусті футболкалар,салқын жеңіл маталардан тігілген жейделер және жеңіл,жүруге қолайлы аяқ киімдер киемін. </span>
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді