Көктем қыстан кейінгі екінші жыл мезгілі. Көктемнің айырықша белгілері өте көп. Мысалы, бұл мезгілде қар ериді, гүлдер гүлдейді, кұстар жылы жақтан қайтадан ұшып келеді. Көктемде күн жылый бастайды, күн ұзарады, жануарлар өз ұйқысынан тұрып, табиғат та жанданады. Көктемде түркі тектес халықтарының барлығына аян мереке болады. Ол мерекенің аты Наурыз, басқа тілдерді "Науруз", "Наврыз" және сол сияқты. Осы күнде кун мен түн теңеледі, адамдар жаратушыға бас иіп, қыстан аман-есен шыққандарына рахымшылық етеді. Көктем - әсем және көркем мезгіл. Көктем қыстың суығыменен және жаздың аптап ыстығының арасындағы көпір сияқты. Көктем мезгілін мен және менің отбасым асыға күтеміз. Мен көктем мезгілін жаңарудың, жаңа бастаманың және жанданудың символы ретінде қарастырамын.
1: Маған күз мезгілі ұнайды, ал саған ше?
2: Жоқ, маған күз ұнамайды. Маған қыс мезгілі ұнайды
1: Ал саған жасыл түс ұнайды ма? Маған ол түс қатты ұнайды
2: Иә, ол түс мағанда ұнайды.
1: Маған үй тапсырмасын орындау керек. Сен оындадың ба?
2: Жоқ, әлі орындамадым. Қазір орындауға кірісемін,анам жұмыстан келгенше орындауым керек.
1: Менің итім жарақаттанып қалды, маған оны дәрігерге апару керек. Ал сенің итің бар ма?
2:Жоқ менің итім жоқ. Маған иттер ұнай бермейді,себебі менің ит жүнініе аллергиям бар.
1: Сен ағылшын пәнінен қосымша үйірмеге қатысқың келмей ме?
2:Жоқ, маған ағылшын пәні ешқандай қиындық тудырмайды.
Дизайнер,Әртіс,әнші,бизнесбастау
Дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Адамның күні адаммен болғандықтан, кіммен де болсын қарым-қатынасқа бей-жай қарауға болмайды. Мұнда да зор жауапкершілік қажет. Досына қарап адамды танитынын ескерсек, адам өзі қандай болса, дәл сондай адамға ұшырасады, дәл өзіндей адамды жақын тартады. Сондықтан нағыз дос іздесеңіз, өзіңізді-өзіңіз кемелдендіруге тырысып, ұдайы рухани өсу үстінде болып, өзгенің сізге емес, сіздің өзгеге нағыз дос бола білуіңізді ойлау қажет.