Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, я сөздер тобы.Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді.
Жас-кәрі
үй-дала
он-сол
көз- (омонима к этому слову впринципе нету так как переводом этого слово является глаз, а противопостовления к этому слову и в помине нет)
Давно кто делал свадьбу? Сколько людей пришли на свадьбу?кто пришёл на свадьбу?какая была одежда у кожанасыра?как хозяйн дома кожанасыр был против?что он сделал?потом когда он пришёл как его встретил хозяин ?кожанасыр кушал?какой вопрос хозяйн задал ему?как он ответил?
«Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!» – деп, Мағжан ақын осы бір ғана шумаққа бүкіл түркі халқының толғанысын сыйғыза алған.
Түркістан – тарихтың талайын көрген көне шаһар. Мұнда түркі тілдес халықтардың өткен ғасырлардағы салты мен санасын ұмыттырмайтын жәдігерлер сақталған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – түркі жұртының өткені мен бүгінін байланыстырып жатқан рухани үндестігінің орталығы іспетті.
Құрамына 14 ел мүше болған ТҮРКСОЙ ұйымы алғаш рет 2012 жылы Астана қаласын түркі әлемінің мәдени астанасы деп жариялады. Бұл дәстүр Түркияның Ескішахар, Татарстанның Қазан, Түркіменстанның Мары, Әзірбайжанның Шеки қаларында жалғасып, Қазақстанда екінші рет түркі халқының мәдени орталығына айналып отыр. Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасын таңдау Түркістан қаласына түсті. Осыған орай Түркістанда биыл ауқымы зор 42 мәдени іс-шара өтеді. Оның 14-ін ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы ұйымдастырса, 6-ын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өткізбек. Ал қалған 21 іс-шараны ұйымдастыруды Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев басшылыққа алатын болады. Игі істің бастауы ретінде 21 наурыз күні 15 елден 900-ге жуық қонақ Түркістанға табан тірейді.
Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасының ашылу салтанаты Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келуі де тегін емес. Наурыз – рухани мереке, салт-дәстүрдің жаңғыратын күні. Бұл күні күн мен түн теңеліп, табиғат оянады, жаңа тіршілік басталады. Жаңа күнді әдет-ғұрпы ұқсас, танымы бір бауырлас елдер бірге қарсы алады.