Салақтық - адамның өзіне байланысты. Ең жаман қасиеттердің бірі. Салақ адамның үйіне кіру тіпті мүмкін емес. Олардың киімі жан-жақта шашылып жатады.
Самат-ауеской-футболдан-1ши-орын-алды
Көшпенділер дегеніміз көшіп жүретін адамдар қауымдастығы. Олар негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Олардың мұндай өмірді таңдауына географиялық орта мен ауа райы әсер еткен. Олар шөлейт жерден сулы жерге, жаңбырсыз аймақтан жаңбыры мол аймаққа, шөбі мол жерлерге көшіп отырған.
Менің сүйікті әншім
Әр адамның өз талғамына сай сүйсініп тыңдайтын әншісі болады. Әр әншінің өлең айтуда өз мәнері болады, бір әннің өзін әр түрлі әншілер әр қилы айтады.
Менің сүйікті әншім - Димаш Құдайберген. Өз таланты мен еңбегінің арқасында тек Қазақстанда ғана емес, барша әлемге танымал. Дарынды отбасынан шығып, музыкалық білім алып, талантын одан әрі қарай шыңдай білген. Ең алдымен Қытай елінде өткен әншілер сайысына қатысып, екінші жүлделі орынға ие болып, бар әлемді өз талантымен сүсіндірді. Бұл әншіні бар қазақ елі мақтан тұтады. Жақында ғана Лондонда лық толы зал жинап, жеке концертін берді.
Мен де ер жеткенде Димаш ағама ұқсап, танымал әнші болуды армандаймын.