Жуз тенген болганша жуз досын болсын, досы копти жау алмайды,акылы копти дау алмайды
Майсыз сиыр еті – 400 г, жұмыртқа – 2-3 дана, спагетти – 600 г, қызанақ
балғын – 4 дана, қияр – 5 дана, баклажан – 2 дана болгар бұрышы – 1
дана., пияз – 3 дана, ақ қауданды қырыққабат – 300 г, сарымсақ – 3
қалампыр, кинза...
Ханзада мен Ханшайым көңілсіз отыр.
Ханшайым: Сәлеметсіңдер ме балалар сендер көріп тұрсыңдар біздер қандай жағдайға тап болдық.
Ханзада; Сендерге аяз ата сандық толы сыйлықтарды дайындаған еді, біз осы сандықты сақтай алмадық. Ашулы сиқыршы өзінің сиқырымен сандыққа 6 құлып салып сиқырлап қойды. Ол балалардың қуанғанын көргісі келмейді. Себебі оның жүрегі қара, еш қуануды білмейді. Енді жаңа жыл мерекесі болмайды, себебі сыйлықтар жоқ. Сыйлықтарсыз мереке бола ма?
Ханшайым: Тоқта сабыр сақта балаларға сыйлық жоқ деп қорқыта бер ме? Сандықтың сиқырын ашуға барлық мүмкіндіктерді қарауымыз керек. Мен ойлаймын құлыптың кілті болмауы мүмкін емес. Біз қайткенде кілті табуымыз керек.
Ханзада: Сиқыршы құлыптың кілттерін барлық ертегілерге лақтырып жіберген екен. Енді біз кілті қай ертегіден табамыз.
Ханшайым; Біз кілтті табуға жолға шығуымыз керек.
Ханзада: дұрыс айтасың. Бізді ұзақ жолдар күтіп тұр. Ал балалар сендер сиқырланған құлыптың кілтін табуға бізбен барасыңдар ма?
Балалар: Ия.
Ханшайым: сендер арам пиғылды күштерден қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ қорықпаймыз.
Ханзада: жарайсыңдар бәріміз бірге барамыз.
Ханшайым: жолымыз жеңіл болсын деп жақсы бір ән айтайық. Балалар сендер ән білесіңдер ме?
Балалар; ия, білеміз?
Ханшайым; онда жолға шығайық.
Ән: "Қыс қызығы"
Ханшайым: Міне біз келдік.(балалар отырады)
Ханзада: Мына үйде кім тұрады?
Балалар: жалмауыз кемпірдің үйі.
Ханзада: тук - тук – тук кіруге бола ма?
Ж. кемпір: кіре ғой батыр жігіт.
Ханшайым: Саламатсың ба әже.
Ж. Кемпір: Саламатсың ба мұнда не істеп жүрсіңдер?
Ханзада: Біз сиқырланған құлыптың кілтін іздеп жүрміз. Сіз көпті – көрген әжесіз бізге көмектесіңізші.
Ж. Кемпір: сиқырлы құлыптың кілтін табу оңай емес. Оны табуға сендердің ақыл - ойларың жете ме?
Ханшайым: Әже әрине жетеді..
Ж. Кемпір: онда мен сендерге жұмбақ жасырып сендерді тексеріп көрейік.
Ханшайым: Әже барынша табуға тырысамыз.
Ештеңеден қаймықпай, Қысы - жазы шешпейтін,
Көзді арбаған өрнекпен көйлегі бар жасылдан.
Сурет салар айнытпай Өзгертпейді еш кейпін,
Шебер еді ол неткен.(аяз) жаралғандай асылдан. (шырша)
Ж. Кемпір: үйім менің жалғыз досым, сен мына балаларға жұмбақ жасыршы;
1 Қыста шыны боп қатады,
жылыда су боп жатады.( мұз)
Жарайсыңдар балалар мен сендерге ризамын.
Ж. Кемпір: көріп тұрмын сендер тапқыр екенсіңдер. Ал сендер билей аласыңдар ма?
Балалар: Ия.(би ж. кемпірмен)
Ж. Кемпір: ой, шаршадым мені қуантыңдар, көптен билеген жоқ едім. Енді мен сендерге көмектеспесем болмас. (үйге кіріп машинаның кілтін алып келеді. ) Міне кілт.
Ханзада: жоқ бұл емес. Құлыптың кілті басқа.
Ж. кемпір: ой, қартайған басым - ай тауып алған бір кілт бар еді, соны әкеп берейін. Міне мына кілт пе?
Ханшайым: рахмет әже. Сиқыршының басқа кілттерді қайда жібергенін білесіз бе?
Ж. Кемпір: білмеймін, сендерге сиқырлы кілті бергенімді сиқыршы білсе, онда маған жақсы болмайды. Егер білсе мені жазалайды. Жолдарың болсын қалған кілтті өздерің тауып аларсыңдар.
Ханшайым: қызыл телпек сен қайда барасың?
Қызыл телпек: Әжемнің үйіне барамын.
Ханзада: сен бізге сиқырланған кілтті табуға көмектесші.
Қызыл телпек: қандай кілт?
Ханшайым: балаларға арналған мерекелік сыйлықтар салынған сандыққа сиқыршы сиқырлы құлыптар салып қойды. Сен сиқырлы кілтті көрген жоқсың ба?
Қызыл телпек: Маған қасқыр мына кілтті берген етін, бәлкім осы кілт шығар?
Ханзада: Ой, рахмет Қызыл телпек дәл осы кілт? Ал басқа кілттерді қайдан табуға болады?
Қызыл телпек: Жоқ, білмеймін. Орман тұрғындарынан сұра бәлкім солар білер?
Түлкі: Мен түлкімін әдемі,
Кім білмейді түлкіні.
Жаңа жылда бұл күні.
Алдамаймын ешкімді.
Қыс.Далада қар жауды.Самат ұйқыдан тұрып,далаға шықса,түнімен жауған қар тізесінен келеді екен.Дереу қалың киімін киді де,шанасын алып сыртқа жүгіріп шықты.Шанасына отырып сырғанаған сәтте:
-Алақай!- деп айқайлады.Күшігі де Саматпен асыр салып ойнап жүр.
Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
Ата қоныс — алтын мекен.
Атамекен — анаң екен,
Қысылғаңда панаң екен.
Атамекен туған жер:
кір-қоңыңды жуған жер,
кіндігіңді кескен жер,
кісі болып өскен жер.
Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.
Әркімнің өз жері — ұжмақ.
"Бақыр қазан кайнаса бәріміздің бағымыз,
Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз".
Бақа батпағына, балық көліне.
Баланың өскен бесігі кең дүниенің есігі.
Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық.
Дарақ бір жерден көгереді.
Дуадақ шөлін мақтайды,
Көкала каз көлін мақтайды.
Кемеңгер елін мақтайды,
Дихан жерін мақтайды.
Ерінен айрылған көмгенше жылайды,
Елінен айрылған өлгенше жылайды.
Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен
Туған елдің түтіні де тәтті екен.