Табиғатты қорғау- біздің парызымыз Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген. Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады. Шалғайын шалқар маушыған Бұлт келді, көктем кір кетті. Топырлап ұрған тамшыдан, Топырақ иісі бұрқ етті. Шілде мен тамыз пышаны Шаң ғана болса, Қалдырма Терезелер құшағын Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет
В интернет напиши Ақсақ құлан
Күз
Жаз аяқталып, өз кезегін сарғайған алтын күзге берді. Көктемде бүр жары, жазы бойы жайқалған көк майсаның барлығы өмірінің белгііл бір межесіне жетіп, еңселері түсіп, саруайымнан сарғайып жатыр. Олардың уайымын бөліскендей ме, әйтеуір жылауық кұз де көз жасын сығып-сығып алады. Бәлкім, олардың бойын кернеген өкпе-наз, реніш-уайымды жуып-шаймақ па екен. Не десе де алтындай жалтырап жатқан даланың да самарқау сықырлай салар әні, өзіне ғана мәлім сыры бар.
Алтын түске боялған күзде қоңырау қайта соғылып, балалар мектеппен қауышады. Оқу оуға жасы жеткен бүлдіршіндер алғаш рет мектеп табалдырығн аттап, білім нәрімен сусындатар бастауға бас қояды. Ұстаздар да алдарындағы кіп-кішкентай ғұмыр иелерінен таудай тұлға сомадауды ниет етіп, әрқайсысына үміт көзімен қарайды.
Оқушылар біліммен сусындап, өмірінің жаңа баспалдағын басып жатса, аспанда құстар қимай ән салып, алыс жақтарға ұзап барады. Қыстағы тіршілікке қамданған тірі жан иелерінің бәрі қыбыр-жыбыр тіршілігін тоқтатар емес. Адамдар да егін орып, астық жинап, қылышын сүйреп келер қыстан шығудың қамын жасауда. Жапырақтар судырлаған осынау самарқау мезгілде кеудесінде жаны бардың барлығы қызу тіршілікке кіріскен. Оларға қарап тұрып, табиғат та келер көктемде қайта дүр сілкініп, қайта құлпырарын сезгендей еріксіз жымиып, тіршілікке мейірімін төгеді.
Ответ:
Ақбөкен, айлакер, әсемпаз, өнерпаз, арбакеш, әуесқой, көкжал, Сезім ал, еңбекқор
Объяснение:
Ответ:ответьте много плиззззз
Объяснение: